Шымкент әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр. Көшпелі жиын бұл жолы Нұршуақ шағынауданында өтті. Жиынға жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Қара халық нендей мәселені көтерді? Шаһар басшысы қалай жауап берді?
Қала әкімі тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Көшпелі кездесу бұл жолы Нұршуақ шағынауданында өтті. Жиынға жергілікті халық белсене қатысты. Олар әкімге тікелей сауалдарын қойып, өзекті мәселелерді ашық айтты.
Көптің көкейіндегі басты мәселе – жер телімдерін заңдастыру. Көптеген отбасы бұл аумақта ондаған жылдар бойы тұрып келе жатса да, құжат жағы әлі күнге дейін реттелмеген көрінеді.
«Орталықтағы фундаменттің бәрін бұзып тастады, мен тұрып жатқан үйді ертең тарс етіп бұзып тастаса не істейміз? Соның шешімін айтасыздар ма?»
-Осы сұрақ көбін мазалайтын.
-Мен қазір 5 бала-шағаммен тұрып жатырмын. Қайда барамыз? Оңай емес».
Қала әкімі бұл мәселеден хабардар екенін айтып, шешім жолдарын қарастырып жатқанын жеткізді. Құзырлы мекемелермен бірлесе отырып, нақты жұмыс жоспары жасалатынын атап өтті.
Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі: «Сіз заңсыз істедіңіз. Бір-ақ ауыз сөз. Болды. Заң бар сіз заңмен жұмыс істемедіңіз. Заңсыз барып үй салып алдыңыз. Оның шешімі былай. Жаңа әріптесім түсіндіріп айтты ғой. Аппарат басшысы айналысып жатыр. Сіздердің мәселелеріңізбен жеке өзі айналысып жатыр. Күту керек па? Күту керек болса күтіңіздер. Қайта қайта келгеннен мәселе шешілмейді».
Сонымен қатар, тұрғындар жол сапасы, көше жарығы мен қоғамдық көлік қатынасы жайында да сұрақтар қойды. Әкім бұл мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.
Лаура Бабас