Шымкент: Қала әкімінің халықпен кездесуі басталды

фото Отырар.кз

 

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуі Абай ауданынан басталды. Бірінші болып Бозарық шағынауданының халқымен жүздесіп, қордаланған мәселесін тыңдады.

Жиналған жұртшылық жаңа салынып жатқан ғимараттың құрылысы, жарық шамдардың жеткіліксіздігі, тас жолдың жыры сынды проблемаларын ортаға салды.

Бұдан кейін қала басшысы Ғабит Сыздықбеков енді Асар-2 шағынауданы тұрғындарымен кездесуге келді. Мұнда да халық жылдар бойы қордаланған мәселесін айтып, шешу жолдарын сұрады.

Сонымен қатар, жақын маңдағы шағынаудан тұрғындары да өз талабын айта келіпті.