«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы тұрғындарды 2 маусымнан бастап кезекші мамандандырылған ХҚКО мекенжайларының өзгергені туралы хабарлайды. Бұл ретте кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады.
Сонымен, 2 маусымнан бастап кезекші кестеге сәйкес келесі мекенжайларда орналасқан МХҚКО-лар жұмыс істейді: Достық шағынауданы, 2343/1 және Асар-2 шағынауданы, 12Б.
Ал кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары өзгермейді. Атап айтсақ, кезекші кестеге сәйкес жұмысын жалғастырып жатқан ХҚКО-лардың мекенжайы:
— Әл-Фараби ауданы бойынша №2 ХҚКО — Жас Талап ш.а, 168/1 және Еңбекші ауданы бойынша №1 ХҚКО — Байтереков көшесі, 89 мекенжайы бойынша қызметалушыларды қабылдайды.
Еске сала кетейік, кезекші МХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтініштерді қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру сағат 20:00. Сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
Қаланың қалған ХҚКО-лары әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұған дейін хабарланғандай, 1 маусымнан бастап 196 орам, 381/1 мекенжайында орналасқан №2 МХҚКО жабылған болатын.