Шымкентте аламан айтыс өтеді

фото ШӨКҚ
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күніне орай өтетін «Шырайлы, шежірелі, құтты мекен!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Дүбірлі додада:
1. Дидар Қамиев
2. Жансая Мусина
3. Мұхтар Ниязов
4. Біржан Байтуов
5. Қажымұхан Абзалов
6. Аспанбек Шұғатаев
7. Алтынкүл Қасымбекова
8. Нұрлан Есенқұлов бастаған жыр жүйріктері бақ сынамақ.
Айтыс тізгінін ұстайтын — Қазақстан Республикасының Параламенті мәжілісінің депутаты, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай. Қазылар алқасының төрағасы, Отан орденінің иегері, қазақ айтысының қара нары Жүрсін Ерман.
Бас жүлде — автокөлік.
Айтыс 21 маусымда Түркістан сарайында сағат 10.00-де басталады. Билеттер Түркістан сарайының кассасы мен Тикетон сайтында сатылады.
Аламан айтыстан қапы қалмаңыздар.