Шымкентте арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж жандардың саны артып келеді. Әсіресе, психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтар мен балалардың церебральды сал ауруы, даун синдромымен туылғандарға орын тапшы. Осыған орай, қалада түрлі орталықтар салынып, кейбіріне ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы мәлімдеді.
Қоғамда 18 жастан асқан жүйке жүйесінде ауытқуы бар азаматтар мен сал ауруына шалддыққан жасөспірімдердің саны артып келеді. Бірақ, ерекше жандарды оңалту, емдеу қолдау беру мекемелері тапшы. Осыған орай, үшінші мегаполисте әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар саны артпақ. Мәселен, стационарлық жағдайда арнаулы қызмет көрсету нысаны бой көтеруде. Орталықтың құрылысы былтыр басталған. 2026 жылы аяқталады деп күтілуде.
Жанат Өтебаева, Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Бозарықта 150 орындық орталығына 13,5 млрд. қаржы бөлінген. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап беріліп жатыр. Бұл жерде, 1-2 ші топтағы мүгедектігі бар адамдарға оңалту орталығы болады. Бұл орталыққа сұраныс көп. Толмай қалады емес, қосымша орталық керек. Осы мақсатта қосымша 50 орындыққа орталық салып жатырмыз. Ол жерде 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарымзға орын жетпеген соң. Оғанда 1,9 млрд теңге бөлініп, желтоқсан айының соңына дейін бітеді деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 6 әлеуметтік қолдау орталығы бар. 1,3 млрд теңге бөлініп, күрделі ремонт жүріп жатыр».
«Бізге керек қосымша орталық деп, өздеріңіз анализ жасап көрдіңіздер ме? Дцп, синдром даун бойынша балалар көбейіп жатыр. Сіздер осыны азайту бойынша қандай жұмыстар атқарып жатсыздар?»
«Денсаулығына байланысты деп ойлаймын. 2 мыңға жуық болғандықтан осы орталықтарды ашып отырмыз».
Қалада орталықтардың ашылғаны жақсы дейді депутаттар. Бірақ, ерекше болып туылған балалардың денсаулығына аса назар аударып, мәселенің алдын алуға болмас па еді деп отыр. Олар тиісті басқармаслар біріге жұмыс жасау керек деп санайды.
«Халықаралық деңгейдегі жасалып жатқан дүниелерді анализ жасауға болады ғой. Мысалы, ДЦП болып туылған баланың өзіне, ата-анасына, мемлекетке ауыр ғой. Салу мәселесі жақсы. Бірақ, жауапты мекемелер бар денсаулық сақтау басқармасы, бірлесіп қарау керек».
Айта кету керек, биылдан бастап, әлеуметтік мекемелердің барлығы арнайы лицензия аясында ғана жұмыс жасайды. Бұған дейін, әр орталық мемлекеттік лицензиясыз қызмет көрсетіп келген. Сондай-ақ, бұл сала да жан басына қаржыландырылуға көшірілмек. Әзірге бұл жоба министрліктің қарауында.
Нұргүл Жолымбетова