Шымкентте мүгедек жүргізушіні ұрып, тонағандар ұсталды

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты естімейтін және сөйлей алмайтын такси жүргізушісін ұрып-соғып, тонаған екі адамға үкім шығарды. Сот олардың «Тонау» бабымен кінәлі деп танып, бірін 3 жыл 9 айға, екіншісін 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты керең әрі мылқау такси жүргізушісін ұрып-соғып, ұялы телефондарын тонап қашқан екі адамды түрмеге жапты. Олар Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен кінәлі деп таныды.

«Б.Ж.  ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1, 3- тармақтарымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылсын және оған 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Т.М.  ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1, 3- тармақтарымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылсын және оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын». Жоғарғы соттың сот кабинеті жүйесі

Сот кабинеті жүйесіндегі іске қатысты шыққан үкімге қарағанда, оқиға Шымкенттегі «Көктем» базары маңында болған. Таксимен діттеген жеріне жеткен екі жолаушы ақы төлеудің орнына жүргізушінің естімейтінін әрі сөйлей алмайтынын байқап ұрып-соққан, 182500 теңге тұратын екі телефонын алып, қашқан.

«2019 жылы Ж.Б Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған. 2024 жылы М.Т.  «Ұрлық» бабымен 1 жыл 6 ай жазасына сотты болған». Жоғарғы соттың сот кабинеті жүйесі

27 жастағы екі айыпталушы да кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірген шығынды өтеген. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтейтін болды.

Дилара Иса