Қала күніне орай Шымкентте бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында ғылым, экономика, бизнес пен білім саласында қажырлы еңбек еткен мамандар мен зейнеткерлер марапатталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған жұртты мерекемен құттықтап, өңір дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.
Қала күні Қызғалдақ сарайында аталып өтті. Мерекеге орай жергілікті өнерпаздардың қатысуымен салтанатты концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Қала күні қарсаңында өңірге елеулі еңбек сіңірген 25 тұлғаға «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Соның бірі — ауыл шаруашылығы саласында 30 жылға жуық қызмет еткен Әбдімәжит Битабаров. Зейнеткердің адал еңбегі еленіп, абыройы асқақтады.
Әбдімәжит Битабаров, Шымкент қаласының құрметті азаматы: «Облыста жеміс-жидек мекемесі болған. Сол жерде 28 жылдай еңбек еттім. Еңегімді бағалап мынау құрметті азаматқа берді. Оған көп көп рақмет. Қала күнімен құттықтаймын. Денсаулық тілеймін»
Салтанатты жиында ғылым, экономика, бизнес пен білім саласында абыройлы еңбек етіп, ел құрметіне бөленген мамандар мен зейнеткерлер марапатталды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған жұртты Қала күнімен құттықтап, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі: «Қадірлі қауым! Баршаңызды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Шымкент ежелден Ұлы Жібек жолының бойындағы мәдениет пен сауданың алтын көпірі болған. Бүгінде тоғыз жолдың торабында орналасқан қаламыздың стратегиялық маңызы артып, экономикалық әлеуеті жыл сайын нығая түсуде. Екі мың жылдан астам тарихы бар шырайлы шаһарымыз күн санап көркейіп, жаңаша даму жолына түсіп отыр. Қала тұрғындары әрдайым еңбекқорлығымен, кең пейілімен және бірлігімен ерекшеленеді».
Салтанатты мерекелік кештер мұнымен шектелмейді. Қала күніне арналған іс-шаралар 23-не дейін жалғаласады.
Әсел Мәлік