Шымкентте бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Екі қолға бір күрек таба алмаған қала тұрғындары тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Олардың ішінде солтүстік өңірлерінен келген қонақтар да бар. Айта кетейік, жәрмеңкеде мемлекеттік мекемелер мен мегаполистің ірі кәсіпорындары өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. қатысты.
Биыл жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан, үшінші мегаполисте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға жұмыс берушілер 3500-ден астам уақытша және тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Әсіресе, мұндай мүмкіндікті пробациялық бақылауда есепте тұрғандар, алимент төлей алмай жүрген азаматтар таптырмас мүмкіндік дейді жауаптылар.
Мақсұт Архабаев, Еңбек мобильдігі орталығының директоры: «Бұл жәрмеңкенің негізгі мақсаты, 7 өңірге. Қоныс аудару. Соларға түсіндірме жұмыстары. Алимент… пробация. 1000 — ға жуық жұмыс орындары ұсынылды».
Бұл жәрмеңкеге прокуратура өкілдері мен сот орындаушыларда арнайы келген. Олар, балаларына алимент төлей алмай жүргендерді жұмысқа орналастырып, қарыздарынан құтылуға жәрдем бермек.
Бауыржан Мырзалиев, Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі: «Бүгін Шымкент қаласының тұрғындары үшін Еңбек мобильдігі орталығымен бірлесіп бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде. Бұл жәрмеңкеге алименттік борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында жеке сот орындаушылары да қатысуда. Осы арқылы алимент төлемей жүрген азаматтар жұмысқа орналасып, төлем жасай бастайды. Мұндай іс-шара биыл үшінші рет өткізіліп отыр, және әр жолы борышкерлер жұмысқа орналасуда»
Жәрмеңке тек жұмыссыз қала тұрғындары үшін ғана тиімді емес, өзге өңірден келген жұмыс берушілер үшін де маңызы зор. Өйткені, оларға жұмыс күші қажет. Ал оңтүстік өңірінде жұмыссыздардың саны басым. Олар өз ойындағы жұмысқа қол жеткізіп қана қоймайды. Солтүстікке барса, түрлі жеңілдіктер де жасалмақ.
Серік Мақатаев, Павлодар облысы Түспен ауданының мансап орталығы филиалының директоры: «Біз бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне арнайы Павлодар облысынан келіп қатысып отырмыз. Бізде жұмыс күші жетіспейді. Ал Шымкент қаласы жұмыс күші артық өңірлердің бірі. Біз өз өңірімізге көшіп келушілерге ұсынылатын бос орындарды ұсынып отырмыз. Келушілер жұмысқа орналасып, жол ақысына материалдық көмек ала алады. Сондай-ақ, тұрғын үйді жалға алуға көмек беріледі және үй сатып алуға 50 пайызға дейінгі қаржылай көмек қарастырылған»
Айта кетейік, жұмыс іздеушілер Enbek.kz порталына кіріп, жұмыссыз ретінде тіркеліп, түйіндемелерін жүктеп, өздеріне лайықты бос орындарды қарауға мүмкіндігі бар. Әсіресе жастар үшін алғашқы жұмыс орын, жастар практикасы сынды арнайы бағдарламалар қарастырылған.
Нұргүл Жолымбетова