Шымкентте дәстүрге айналған «Шымқала кештері» іс-шарасы демалыс күндері қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Әдемі кеш барысында «Шым сити» саябағында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, «Арбат» демалыс аймағында қалалық орыс драма театры, Сайрам тұрғын алабындағы «Наурыз» саябағында қалалық өзбек драма театрының ұжымы қойылымдарын ұсынды.
Сондай-ақ, «Шым сити» саябағында қалалық жастар театры, қалалық қуыршақ театры, «Жеңіс» саябағында «Шымкент цирк», «Орталық» саябақта қалалық опера және балет театрының өнерпаздары мәдени кештің көрігін қыздырды.
Тұрғындардың есіне сала кететін жайт, «Шымқала кештері» іс-шарасы әр сенбі-жексенбі сайын, күзге дейін жалғасады.