«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Төлеби ауданында 10 млн. теңгеге жуық айыппұл өндірілді

фото ТОӘБҚ

 

Президент тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы Төлеби ауданында белсенді жалғасуда. Осыған орай, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ауданға іссапармен барып, тазалық жұмыстарын бақылады. Іс-шараға 130 адам қатысып, 2 арнайы техника жұмылдырылды. 6,5 шақырым өзен бойы, 12 шақырым аудандық маңызы бар жол тазаланды. Нәтижесінде, 7 тонна күл-қоқыс шығарылды.

– Төлеби ауданы – табиғаты көркем, экологиялық әлеуеті жоғары өңір. Бұл аймақты таза ұстау – тек аудан тұрғындарының ғана емес, бүкіл облыс жұртшылығының ортақ міндеті. Сондықтан бүгінгі бастама – әрбір азаматтың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын, патриоттық рухын танытатын нақты қадам деп білеміз. Бүгін аудан бойынша тазалық жұмыстары, қоқыс шығару, өзен-көлдерді тазарту сынды бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл — тек бір күндік науқан емес, ұзақ мерзімді, жүйелі жұмыстың бір бөлігі болуы тиіс. Сондықтан да біз барша азаматтарды, мекемелер мен ұйымдарды, әсіресе жастарды осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары қатаң бақылауда болуы қажет, — деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.

Сонымен қатар, жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзып, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша жалпы 130 ескерту, 642 әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде, 11,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 9,2 млн теңгесі өндірілді.