Терроризмды насихаттайтын экстремистік материалдарды таратқан шетел азаматы ұсталды

фото ТОПД
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған діни сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдікті анықтады.
❕Нақтарық айтсақ, полицейлердің атқарған жұмысы нәтижесінде әлеуметтік желілерде терроризм идеяларын насихаттайтын экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан жақын шетел азаматы ұсталды.
▫️Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және сараптама тағайындалды. Жиналған материалдар Сарыағаш аудандық сотына жолданды, нәтижесінде сот үкімімен сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Полиция әлеуметтік желілердегі күмәнді сайттар мен топтарға кірмеуге, сонымен қатар қырағы болуға шақырады.