Қала әкімінің кездесуі Тұран ауданына қарасты 4 — ші мөлтек ауданында жалғасты. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі, инфрақұрылым, ирригациялық жүйеге қатысты тақырыптарды көтерді. Сонымен қатар, қараусыз қалған үйдің мәселесімен бөлісті. Бұдан бөлек, Қабылбеков көшесінің тұрғындары, қоғамдық көліктің санын арттыруды сұрады. Өйткені, діттеген жеріне жете алмай жүргендер жетерлік екен. Әкім халқытың талаптарына қатысты не деді?
4-ші мөлтек ауданының тұрғындары, Қабылбеков көшесінде қараусыз қалған үйді мемлекет қарамағына алуды сұрады. Немесе, үй иесі баспанасын қараусыз қалдырмасын деп отыр. Олардың айтуынша, қабырғалары қираған ғимарат бүгінде кім көрінген кіріп-шығатын орынға айналған. Сондай-ақ, олар балаларының қауіпсіздігіне де алаңдаулы.
«Сіздің қарамағыңызда толық бітпеген үй бар. Соны салса салсын, салмаса, мемлекеттің қарамағына өткізіп алса. Екінші өтініші біздің мөлтек ауданнан 103 автобус жүреді. Содан басқа автобус жоқ. Басқа автобус қоссаңыздар(.
«Маршрут бойынша жаңа аудандар қосылып жатыр. Халық саны артып жатыр. Соның бәрін ескере отырып, комплексті план бар. Соның бәрін қарап жатырмыз. Автобус қосып береміз деп уәде бере алмаймын. Бірақ қарастырамыз».
Бұдан бөлек тұрғындар, кәріз жүйесіне бей-жай қарамауды сұрады. Яғни, Ақжиек көшесіндегі кәсіпкерлер, арнайы құбыр тартып, өз алдарына болуы керек деп санайды. Алайда, олар, жеке сектордағы тұрғындардың кәріз жүйесіне қосылған көрінеді. Енді бірінің айтуынша, қылмыстық іс қаралмай жатыр. Сондықтан, өзіңіз естіп,-біліп мәселенің шетін шығаруға көмектесіңіз деп отыр.
«Сіздер байқасаңыздар, мынау Бәйдібек би, қазіргі Ақжиек көшесі ешкімді аш қалдырмайды. Олар, ашылғаннан кейін, водаканализационды қызметті жасау керек кой. Ал олар қалай шықты ол положениеден, алды да, өздерінің ағатынын, басқасын біздің тұрғын секторға қосып қойды. Ал біз тазалап бер деп күнара қызмет шақырамыз. Ормановқа да бардық. Немесе жол бойына өткізіңіздер дейді».
Осылайша қала әкімі барша жұртқа тиісті көмек беруге ықпал етті. Кейбір мәселені шешімін уақыттың еншісіне қалдырып, енді біріне сол мезетте реттеуге жәрдемдесті.
Нұргүл Жолымбетова