Түркістанда полицияға пара ұсынған шетел азаматы жауапқа тартылды

 

Түркістан қаласының ауданаралық соты Молдава азаматын полицияға «пара берді» деген айыппен кінәлі деп тапты. Өткен жылдың қараша айында полиция қызметкерлері жүк көлігімен келе жатқан оның 600 мың теңге шамасында айыппұлы бар екенін анықтап, тоқтатқан.

«Молдова Республикасының азаматы жауаптылықтан құтылу мақсатында полиция қызметкеріне 10 000 теңге және құны 3 833 теңге тұратын «Bosch» маркалы блэндэрді пара ретінде ұсынып, қылмысқа барған.

Шетел азаматының үстінен Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Прокурормен процестік келісімді бекітуді сұраған.

«Сотталушы тағылған айыппен кінәлі деп танылды. Оған ұсынған параның 15 еселенген сомасы, яғни 155 621 тенге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ».

Дилара Иса