Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Н.-ға ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен (телекоммуникация желілерін пайдаланыла отырып, терроризмді насихаттаған) айып тағылған.
Н. 2024 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласында ұялы телефонын пайдалана отырып «WhatsАpp» желісінде халықаралық террористік ұйымының көзқарастарына жататын аудио және текстік хабарламаларды, аудио жазбаларын салып, қасақана терроризмді насихаттаған.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін актауды сұрады.
Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай анықталмаған.
Н. ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеді.