Жасөспірімге қайта түзелуге мүмкіндік берілді

фото pixabay.com
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Щ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сотталушы Щ. ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен (ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) айыпталған.
 
Сотталушы Щ. 2024 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласы, «Қайнар-бұлақ» саяжайы, Литейщиков көшесінде орналасқан үй-жайға заңсыз кiріп, жәбірленуші Л.-ның «Хондо Дио» маркалы мопедін, 15 метрлік сваркалық кабелін және болгарканы ұрлап, жәбірленушіге жалпы 195 000 теңге шығын келтірген.
 
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді. Прокурор тараптардың татуласуына байланысты, істі өндірістен тоқтатуды сұрады. Жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп істі тоқтатуды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушімен татуласқанын және істі өндірістен тоқтатуды сұрады.
 
ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігіне сай, қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар,…егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Сот, Щ.-ны ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігінің негізінде жәбірленушімен өзара татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі өндірістен тоқтатты. Сот, Щ.-ға ҚК-нің 84, 85 баптарына сәйкес, 1 жыл мерзімге бос уақытын шектеу және арнайы талаптар белгілеу түріндегі тәрбиелік ықпал ету шараларын белгіледі. Қаулы заңды күшіне енді