Жетісай ауданы басшысы Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері мен квазимемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау орган басшыларының орынбасарлары қатысты.
Ең алдымен, «Мансап орталығы» КММ директоры Олжас Қаныбеков халықты әлеуметтік қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов өз бөлімдеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайбеков 2025 жылы бюджеттік және жеке инвестициялық жобалар аясында ашылған жаңа жұмыс орындарына жұмыссыздар мен аз қамтылған отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыруға бағытталған Меморандумның орындалуына тоқталды.
Сонымен қатар, Асықата кентінің әкімі Нұралы Жолдасбек кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, көшелердегі ретсіз сауда жасаушылар мен заңсыз адам тасымалымен шұғылданатын такси жүргізушілеріне қарсы жүргізіліп жатқан рейдтік жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Одан бөлек, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерқуат Тұрғынбаев пен «ҚазСуШар» РМК Түркістан облыстық филиалының Жетісай өндірістік бөлімшесінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков ағын суды үнемдеу технологиясын шаруашылықтарға енгізу, зиянкестерге қарсы күресті жүйелі ұйымдастыру, бақылау мен ағын судың жағдайы, су тапшылығының алдын алу жұмыстары бойынша мәлімет берді.
«Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық жобасының аудан аумағында жүзеге асырылуы бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов баяндаса, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Жетісай қаласында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылысы мен инфрақұрылымы мәселелеріне тоқталды. Нәтижелер мен кемшіліктер айтылып, ұсыныстар талқыланды.
Жиын соңында аудан басшысы тарапынан бірқатар хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуын бақылау аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязовқа жүктелді.