Жетісайда тазалық жұмыстары назардан тыс қалған емес

фото ЖАӘБҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылдың сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» республикалық экология¬лық акциясы қолға алынды. Іс-шара елдегі экологиялық жағ¬дай¬ды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетінің дең¬гейін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәсе¬лелеріне тартуға бағытталған. Аталған жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қалыпты экологиялық болашақтың негізін қалады.

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласында орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме басшыларымен кездесіп, тазалық мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына талдау жасалды.

«Сенбілік – ортақ іске жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі. Тазалық жұмыстарын бір қалыпқа келтіру мақсатында көше тұрғындары мен мөлтек аудан билерінің, жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын, белгіленген заң мен тәртіпке бағынбағандарға айыппұл салуды күшейту керек. Заңға бағынбайтындар үшін өзгелер зардап шекпеуі тиіс», — деді ауданы басшысы. Сондай-ақ, тазалыққа жауапты мекемелердің жұмысы тиісті деңгейде емес екендігін айтты. Тағы да бірнеше мәселелерге тоқталды. Әкімнің сөзінше, жыл басынан бері қала тұрғындарымен дұрыс келісім-шарт жасалмауының салдарынан тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарудың төлемақысы төмен. Бекітілген жұмыс кестесі сақталмаған. Көше бойлары мен көппәтерлі тұрғын үйлердің маңындағы қоқыс алаңшаларының тазалануы көңіл көншітпейді.

Күн ысыған сайын шыбын-шіркей мен қоқысқа үйір қаңғыбас ит-мысықтардан, түрлі кеміргіщтерден тарайтын жұқпалы кеселдердің қауіптілігінің артатынын алға тартқан аудан басшысы қаланың тазалығына жауапты мекеме басшыларына жұмысты дұрыс үйлестіруді тапсырып, нәтижесін өз бақылауында ұстайтынын ескертті.
Айта кетейік, Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес ауданда ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Жетісай аудандық Мансап орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты.Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі. Тазалық тек сыртқы әсемдік емес, бұл – сана мен мәдениеттің көрініс.