Жаз келді , шомылу кезеңі басталды . Әрбір кезең өз уақытында адам денсаулығына дұрыс рәсімделсе пайдалылығымен ерекшеленеді .
Бассейндер мен судағы іс-шаралардың пайдасы туралы көптеген ғылыми және медициналық басылымдарда жазылған, бірақ бассейндер мен аквапарктерге бару әрқашан инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупін тудырады, олардың арасында тері мен шырышты қабықтың саңырауқұлақ және бактериялық зақымдануы да бар. Барлық жүзу бассейндері, аквапарктер санитариялық қағидаларға сәйкес болуы керек.
Моншалар мен сауналарға қойылатын талаптар «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында реттелген.
Бассейндер мен аквапарктерге келушілер не нәрсеге назар аударуы керек?
бассейн үй-жайларының ішкі орналасуы келушілерді дұрыс жүріп-тұруын (киім ауыстыратын бөлме-душ бөлмесі-бассейн) қамтамасыз етеді;
шешінетін бөлмелер киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және орындықтармен жабдықталады;
айналма жолдарды, бассейн ыдысының түбін жабу материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
душтан бассейнге дейінгі қозғалыс жолында ағын суы бар аяқ ванналары орналастырылады, олардың өлшемдері оларды айналып өту мүмкіндігін болдырмайды;
үй-жайлардың ішінде ақаулар (сынған қаптау плиткалары, линолеум, жабындар мен жабдықтардың тұтастығының бұзылуы) болмауы тиіс;
душ бассейндері шешінетін бөлмеден айналма жолға қарай жүру жолында орналасады, суық және ыстық су жеткізетін кабиналармен, гигиена құралдарына, сүлгілер мен жуғыштарға арналған құрылғылармен жабдықталады;
бассейн ыдыстарына берілетін су дезинфекцияланады (хлорлау, бромдау, озондау, ультракүлгін сәулелену немесе ұқсас дезинфекциялау әдістері);
бассейнде айналысатын адамдар шомылу костюмін (арнайы киім), ылғалға төзімді материалдардан жасалған ауыстырылатын аяқ киімді, сүлгіні, резеңке қалпақшаны (бассейн ванналары шаштармен бітеліп қалмас үшін) пайдаланады, бассейн залына шықпас бұрын душ қабылдайды;
жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында үй-жайларды безендірудегі ақаулар (сынған қаптау плиткалары, линолеум, жабындар мен жабдықтардың тұтастығын бұзу) уақтылы қалпына келтірілуі тиіс.
Егер жоғарыда аталған шарттардың барлығы бассейндер мен аквапарк қызметкерлері тарапынан сақталса, Сіз өзіңізді қауіпсіз сезініп, тері мен көздің жұқпалы, саңырауқұлақ ауруларының, сондай-ақ басқа да аурулардың пайда болуынан қорықпауға болады.
«Сақтанайық , сақ болайық , жақынымызды сақтайық»
Елімізде суға түсу маусымы ресми түрде үш айға созылады – 1 маусымнан 31 тамызға дейін.
А.Пернеева,
Шымкент қаласы Қаратау ауданы санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы