«21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты республикалық форум Жетісай ауданында да өтті

фото ЖАӘБҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттай отырып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттырып, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемаларға қарсы иммунитет қалыптастыруды тапсырған. Аталған тапсырманы орындау мақсатында 2025 жылғы 25 маусымда Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен бір мезетте облысымыздың 3 қала және 14 ауданында «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті.

Республикалық форум аясында Жетісай ауданында да ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің үйлестіруімен, Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті.
Форумда келесі тақырыптар қамтылды:
* Қаржылық пирамидалар мен олардың түрлері
* Заңсыз инвестициялық жобалар және дроптар
* Қаржылық қауіпсіздікті сақтау жолдары
Іс-шараға Жетісай аудандық полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Бегманов Нұрсұлтан Бақтыбайұлы, Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Пірімбеков Серікбай Қонысбекұлы, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Намазов Ырысбек Беркінұлы, қаржы саласының сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар ұйымдары мен волонтерлер қатысты. Спикерлер нақты мысалдармен бөлісіп, практикалық кеңестер берді.
Форум нәтижесінде қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті және қоғамда заңсыз қаржылық схемаларға қарсы тиімді ақпараттық иммунитет қалыптастыру қажеттігін білдірді.