Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкерлері сеніп тапсырылған мүлікті иемдену әрекеттері бойынша қылмыстық істі қарады.
~ бөлім басшысы М. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену) айыпталды;
~ бөлім басшысы Ш. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену), 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 4-бөлігімен (аса ірі көлемде пара беруге айдап салу) айыпталды;
~ бөлім есепшісі Ш. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылғанмүлікті иемдену), 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) айыпталды;
~ 43 есепші ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған (аса ірі көлемде сеніп
тапсырылған мүлікті иемдену).

Сотталушылар – Жетісай аудандық білім бөлімінің лауазымды қызметкерлері (М. және Ш.), сондай-ақ мектептердің 44 есепшісі адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы мектептерде жұмыс істемейтін таныстары мен туыстарының банктік есеп шоттарына негізсіз ақша қаражаттарын жалақы ретінде аударып, бюджет қаражатын иемденген.
Нәтижесінде, сотталушылардың 2021-2023 жылдар аралығында қылмыстық іс әрекеттері салдарынан, мемлекетке 4 млрд. теңгеден астам шығын келген.
Прокурор — 40 сотталушыға 7 жылдан 14 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру, ал 6 сотталушыға 2 жылдан 3 жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Сотта, сотталушы М. және Ш. өз кінәларын мойындамады, қалған сотталушылар кінәларын мойындап, келтірілген шығынды өтегендерін ескер іп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушыларға жаза тағайындау кезінде олардың
қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларға отбасылық жағдайын, жасын, кәмелетке толмаған балаларының болуын, сотталушылардың ақшалай қаражаттың бір бөлігін қайтарғанын, бұрын сотты болмағанын, кінәсін мойындауын, жүктілігін, мүгедектігін, сондай-ақ қылмыстық істің ашылуына және басқа сыбайластардың әшкереленуіне жәрдемдесуін ескеріп, ауырлататын мән-жайларға М. мен Ш.-ның қызметтік антын бұзғанын таныды.
43 сотталушы (мектеп бухгалтерлері) мемлекетке жалпы 800 млн. теңгеден астам иемденген қаражатты қайтарды.
Алқабилердің шешімімен (вердикт):
~ негізгі сотталушы Ш. мен М.-ға тиісінше 9-жыл және 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚК-нің 74-бабының талаптарына сәйкес, Ш.-ның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты, жазаның өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.
~ 2 сотталушының әрекеті ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігіне қайта сараланып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
~ 34 сотталушыға ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен жалпы 5 жылдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Оның ішінде:
~ 4 сотталушыға ҚК-нің 74-бабының талаптарына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, олардың жазаны өтеу мерзімін 5 жылға кейінге қалдырды;
~ 18 сотталушыға ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептелді;
~ 12 сотталушыға нақты мерзім тағайындалды.
~ 8 сотталушыға ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен/189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Шығынды өндіру және оның мөлшерін анықтау, азаматтық сот
ісін жүргізу тәртібіне қалдырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.