Әскери қалашықта балалар ойын алаңшасы ашылды. Шымкент әскери гарнизонында тұратын әскери қызметкерлердің балалары қуанышқа бөленді. Оларға асыр салып ойнайтын ойын алаңы тарту етілді. Салтанатты шараға басты қонақ балалардан бөлек, Әл-Фараби ауданының әкімі, тұрғындар және қолдау білдірген кәсіпкерлер қатысты.
Шымкент гарнизонының әскери қалашығында тұратын жасөспірімдер қуанышқа бөленді. Әскери қызметшілердің балаларына арнайы салынған спорт алаңы мен ойын алаңшасының лентасы қиылып, салтанатты түрде тарту етілді. Іс-шараға Әль-Фараби ауданы әкімдігінің өкілдері, жобаға демеушілік еткен жергілікті кәсіпкерлер мен балалар қатысты.
Ойын алаңы қауіпсіз, әрі заманауи стильде салынған. Мұнда түрлі атракциондар мен карусель, әткеншекте бар. Тіпті, жаттығу жасауға мүмкіндік беретін жабдықтармен қаматамасыз етілген. Сондай-ақ, футбол ойын алаңы да қарастырылған. Бұдан бөлек, арнайы орындықтар мен бастырмалар орнатылып, ересектерге де жағдай жасалған. Өз кезегінде тұрғындар да, жергілікті әкімдік өкілдеріне ізгі тілегін жолдап, балалар ойын алаңшасы үшін рахметін жеткізді.
Құрманбек Оспанов, Әскери қалашықтың тұрғыны: «Бәрі балаларымыз үшін. Балаларды бақыты үшін. Осындай балалар алаңшасын салып берген әкімшлікке рахмет».
Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбековтың айтуынша, балалар бос уақытын пайдалы әрі тиімді пайдаланып, спортпен шынығуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, болашақта мықты спортшылар мен елжанды патриоттар өседі деп сенеді. Сондықтан, балалардың дамуына елеулі үлес қосуға дайын.
Сергей Бибулатов, Шымкент гарнизонының бастығы: «Осы қалашықтың тұрғыны ретінде балаларымыздың дамуына көңіл бөліп, атсалысып жатқаныңыз үшін сізге үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысымыз нығая түседі деп сенемін. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз».
Айта кетейік, Шымкент қалалық әскери гарнизонында 200 ге жуық отбасы, 400 аса балалар бар.
Нұргүл Жолымбетова