Әуесқой футбол лигасының іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Бұл жолы «БИИК» мен «Тұран» құрамасы кездесті. Ардагер футболшылардан құралған команда Тұранның жас ойыншыларын 7:1 есебімен ұтты.
Әуесқой футбол лигасының Шымкенттегі іріктеу кезеңінде «БИИК» құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ардагер ойыншылардан құралған команда «Тұран» клубының жас аяқдопшыларын 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Команда мүшелері жарыстың қызу тартыспен өтіп жатқанын айтады.
Самат Жаныс, әуесқой футболшы: «Мақсатымыз Еуропаға бару. Әкімшілік жақсы деңгейде ұйымдастырыпты. Басым бөлігі шабуылмен ойнаймыз. Мақсатымыз шабуылмен ойнау. Біз бұған дейін 1 ойын жіберіп алдық. Мұның алдында 1 ойынды жеңдік. Енді бұлд 2 ойынымыз».
Жергілікті футбол федерациясының өкілдері әуесқойлар лигасы соңғы 4 жылда ұмыт қалғанын айтады. Сондықтан жауаптылар жас дарындарды ел арасынан іріктеу мақсатында жобаны қайта қолға алғандарын жеткізді. Қазір Шымкенттегі кезеңде 15 команда өз бағын сынап жатыр.
Самат Жарылқасынов, Шымкент қаласы футбол федерациясының бас хатшысы: «Бізде қазір 15 команда қатысып жатыр. Қазір 3 тур өтіп жатыр. Қызығы шеттен командалар қызығушылық танытып, 5-6 команда сырттан келіп қатысып жатыр. Олар «Көлкент» сияқты командалар. Сырттан келіп қатысып жатыр»
Жарыс жеңімпазы қазан айында өтетін Қазақстанның әуесқойлар лигасына жолдама алады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік командаға 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы да табысталмақ.
Әсел Мәлік