Шымкент қаласында құқыққорғаушылар күнделікті заң ережелерінің бұзылуынан туындаған салдарға куә болуда. Тіпті, ережелерді бұзудан, немқұрайдылықтан немесе парақорлықтан көптеген адамның өмірі құрдымға кетіп жатқанын көруде. Сол үшін әрбір азаматтың жасаған дұрыс қадамы тағдырларды түзеуге сеп¬тігін тигізеді.
Ол үшін әркім өзінің құқықтары мен міндеттерін айшықтаған Конституцияны оқып, заңды жетік меңгеруге тиіс. Сол арқылы өзгелерге үлгі болып, ешкім жоқ жердің өзінде заңды берік ұстанады. Қоғамдағы заңбұзушылықтарды жасырмай айтып, ашықтықты, жариялылықты талап ететін қоғамдық бастамаларға белсенді қатысады. Міне, осындай негізгі екі-үш бағыттың өзі адамның қандай екенін анық көрсетеді.
Дәл осы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыруды көздеген іс-шаралар Шымкентте тұрақты түрде жалғасып келеді.
Атап айтсақ, жуырда «Ауладағы кездесу» республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері халықпен кездесу өткізді. Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Оңласбек Алгибаев Еңбекші АПБ ЖПҚБ-на қарасты №41 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындарымен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет-алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы айтып, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін жеткізді. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға, есірткі заттарының таралуына жол бермеу және қауіпті нарко-граффити жарнамаларын жою бойынша қажетті ақпаратты жеткізді.
Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, құқықтық кеңестер беру, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізу.Сонымен қатар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Сондай-ақ, “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімшесінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге аудан аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында жиі құқық бұзушылық орын алған отбасылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Басты мақсат — отбасындағы жанжалдардың алдын алу, зорлық-зомбылықты болдырмау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.