Аурухана ішілік инфекцияларға (АІИ) науқас ауруханаға түскеннен бастап оған жұғатын немесе көмекке келген кезде ауру симптомдарының байқалуынсыз ауруханада жатқанда немесе шығарылған кезде байқалатын клиникалық анықталынған кез келген ауру.
АІИ-ның басқа да атауы бар: госпитальді, нозокониальді. АІИ-ға жататын аурулардың көпшілігі медициналық араласумен байланысты. АІИ-ның шамамен 85%-ы іріңді-септикалық инфекция (ІСИ), 6-7%-ы В,С,Д вирусты гепатиттері, клиникалық инфекциялар -7-8%; соның ішінде 80% жағдайда –сальмонеллез.
АІИ-ның пайда болуына әсер ететін факторлар:
- Организмнің қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;
- Штаммдары антибиотикке төзімді микроорганизмдердің таралуы ;
- Пациентті күту кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
- Инвазивті манипуляциялардың (организмдегі тіннің бүтіндігін зақымдайтын) көбеюі;
- Емдеу — алдын-алу мекемелерінің адамға толуы;
- Медициналық құрал-жабдықтардың ескіруі және т.б.
Қауіп топтары:
Хирургия, урология, реанимация бөлімшелеріндегі жағдайы ауыр науқастарда, әсіресе егде жастағыларда, балаларда және оларды күтетін адамдар немесе оның туыстарында инфекция жұғуының қаупі жоғары;
Медицина қызметкелері, әсіресе бірнеше рет қолданылатын, биологиялық сұйықтықтармен былғанған және тазартудың барлық этаптарын қажет ететін құралдармен жұмыс істейтіндер.
АІИ-ны алдын-алудағы қауіпсіздік және қадағалау шаралары.
Стационардағы қызметкерлердің екінші жұмыс киімдер жиынтығы болу қажет: халаттар, аяқ киім және басқа да санитарлық киімдер күнделікті ауыстырып отыруға жеткілікті болу керек. Олар арнайы жеке шкафтарда сақталынады. Кірлеген жағдайда шұғыл түрде ауыстырып киетін санитарлы киімдердің жиынтығы бар болуы қажет.
Емдеу мекемесінің мейірбикесі әр уақытта таза және ұқыпты болу керек. Жұмыс киімі үстіндегі киімін толығымен жауып тұру қажет. Шашы толығымен қалпақтың ішіне салынады. Екінші аяқ киімі дезинфекциялауға ыңғайлы, тығыз материалдан тігілу керек. Босандыру бөлімшесінде, инфекциялық бөлімшеде, операциялық блокта емдеу мекемесінен тыс жерлерде жұмыс киімімен және екінші аяқ киіммен жүру үшін арнайы екінші киім қажет.
Бетперде ауа-тамшылы жолмен жұғатын микроорганизмдерден минимальді қорғануды қамтамасыз етеді (шамамен 10%). Микроорганизмдерді жақсы сүзетін төрт қабатты дәкеден жасалған бетперделер қолданылады, бірақ олар бетке тығыз түрде жабылмаса, олардың қорғаныш қасиеті жоғалады.
Сондықтан АІИ таралуының алдын алу үшін ЕПМ бөлімшесіне инфекцияланбаған бейіндегі инфекциялық аурулардың белгілері бар тұлғаларды кіргізбеу керек.
Әл-Фараби ауданының санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы А.М. Алтаева