Қоғамда ең өзекті мәселелердің бірі – азық-түлік бағасының тұрақтылығы. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы әр отбасы үшін маңызды. Бүгінде қалада бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? Әкімдік тарапынан нақты шаралар қабылданып, тұрғындардың тұрмысына тікелей әсер ететін салаларға басымдық беріліп отыр ма?
Әлеуметтік тауар бағасының тұрақты болуы, халық үшін аса маңызды. Өйткені бұл — ең алдымен күнделікті тұтынатын азық-түлік пен қажетті заттардың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Бағаның тұрақсыздығы халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етіп, тұрмыс деңгейін төмендетуі мүмкін. Сондықтан мемлекет тарапынан нарықтағы бағаны реттеу, делдалдарды бақылау, отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету секілді шаралар жүйелі түрде жүргізілуі қажет.
Әсіресе, табысы төмен, көпбалалы және әлеуметтік осал топтар үшін бұл мәселе — өмір сапасының басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Ал біздегі жағдай қалай? Дүкен сөрелерінде тізілген тауар бағасына халықтың көңілі тола ма?
Жыл басынан бері әлеуметтік азық-түлік қоры жасақталып, өнім жеткізу жолдары қайта қаралған. Осы мақсатқа орай 8,8 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, өнімді сақтау мен үлестіру жүйесі бір ізге түскенді. Мәселен, мамандардың сөзінше қазіргі кезе картоп, қырыққабат сынды көкөністердің бағасы 2 есеге төмендеген.
Сонымен қатар мониторингтік тексеріс кезінде кәсіпкерлердің негізсіз бағаны көтеру дерегі бойынша 190 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, айыппұл салынған. Ал бұл, халыққа қолжетімді бағаны қамтамасыз етудің нақты қадамы. Бағаның күрт өзгеруіне жол бермеу үшін күнделікті мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді-дейді сала маманы.
Жандос Ғаниев, Шымкент қаласы азық-түлік бақылау қауіпсіздік бөлімінің бас маманы: «Бірінші бағыт бойынша айтып өтсем. Мынау ірі сауда орындары МАГНУМ, ГРАМАД пен келісімшарттар түзілген. Соның нтижесінде қалада 80-ге жуық орындар нарықтан төмен әлеуметтік тауарларды сатылуда. Сонымен қатар «Грамад» сауда орнының «Бақша» атты әлеуметтік сауда нүктелері іске қосылды. Қаратау және Абай аудандарында. Алдағы уақытта бұл әлеуметтік дүкендері көбейту жоспарда бар. Сонымен қатар бізде өңірлік комиссияға құзырлы мекемелер де енгізілген. Күнделікті әр аудан бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Соның нәтижесінде 190-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық орын алып, тиісті шаралар көрілді».
Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мен сала мамандары базарлар мен ірі сауда желілеріндегі бағаны жіті қадағалап отыр. Нәтижесінде бірқатар азық-түлік түрлері бойынша тұрақтылық байқалады. Мамандардың сөзінше кейбір өнімдер бұрынғы бағасын сақтаса, кейбірінің құны тіпті төмендеген. Қаланың ірі сауда орындары да бұл іске белсене атсалысуда.
Самат Алтынбекұлы, Гипермаркет директоры: «Әлеуметтік маңызы бар тауарлар сапасы жағынан тиісті лабораториялардан өтіп, тексеріліп жіберіледі. Әсіресе сүт өнімдері арнайы бақылауда болады. Арнайы қорда сақталады. Және халыққа тиімді бағамен беріледі. Ешқандай шектеу жоқ. Сатып алушы қаппен алса да сол әлеуметтік тауар бағасымен беріледі. Қазіргі әлеум күріштің бағасы 320 ал шекер 420 тг. СПК бекіткен бағадан жоғары сата алмаймыз. Ал қазіргі таңда біздің нүктелерімізде қарақұмық пен макарон бағалары бекітілген бағадан төмен сатылуда».
Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді баға әр азамат үшін маңызды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар, яғни бағаны бақылау, өнімді жеткізу мен сақтау, жеңілдікпен сату одан әрі жалғасады. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда нарықта дүрбелең жоқ. Барлығы жүйелі және бақылауда. Алдағы уақытта да әлеуметтік өнімнің қоры жеткілікті деңгейде сақталады-дейді. Ең бастысы тұрғындардың күнделікті қажеттілігін өтеуге мүмкіндік бар.
Ақниет Мейрбек