Шымкенттегі Дендрологиялық саябақта ағаш түрі азайған. Саябақ әкімшілігінің дерегінше, 2009 жылы онда 560-қа жуық ағаш түрі болған. 2023 жылы оның саны 214-ке кемігені анықталған. Мұның негізгі себебі ағаштардың табиғи қартаюынан дейді мамандар.
Саябақтың ғылыми қызметкерлері Қазақстаннан бөлек Өзбекстан және Қырғызстаннан ағаш түрлерінің тұқымын, қаламша және көшеттерін әкеліп, күтіп-баптап жатыр. Соның есебінен биыл ағаш түрі 43-ке көбейіп, 257-ге жеткен.
«Әлемдегі ең биік ағаштардың қатарына кіреді. Оның да негізгі таралу аймағы солтүстік Америка деп айтылады. Сол стекло ағашын өсіріп жатырмыз қазір.
— Ол қанша уақыт алады?
— Өттте жәй өседі бұл ағаш. Айтылуы бойынша енді 1 жылдық нормасы 5-10 сантиметрге дейін өседі дейді. Бірақ ұзақ жыл өмір сүретін ағаш қой енді. Бұл ағаштың өзінің табиғи құрамы бар. Өсіп, табиғи қартаю орын алып, ағаш қурап жерге құлаған кезде діңгегі тасқа айналады. Кәдімгі тасқа айналады».
Бұл Шымкенттегі дендрологиялық саябақтың сирек кездесетін, ерекше күтімді қажет ететін ағаштардың тұқымбағы. Мұнда саябақта жоқ ағаштардың тұқымы шеттен әкелінген. Арасында қызыл «Қызыл кітапқа» енгендері де бар.
«Қызыл кітапқа» енген, мысалы, тұқымбағымызда қызыл қайың өсіріп жатырмыз. Одан бөлек, міне, аттарының бәрі жазылып тұр ғой. Бәрі бізде қайталанбайтын, кездеспейтін ағаштар».
Дендрологиялық саябақтың жалпы көлемі 117 гектар аумақты алып жатыр. Бұл саябақ қазір Шымкенттің жүрегі іспетті. Бейресми ақпаратқа қарағанда, 1979 жылы саябақ құрылғанда мыңнан аса ағаш түрі отырғызылған. Саябақ директоры Есдәулет Достияровтың айтуынша, 2009 жылы санақ жүргізілгенде ағаш түрінің саны 560-қа түскен. 2023 жылы Қарағанды ғылыми институты қайта зерттеу жүргізгенде ағаш түрі 214-ке кемігені анықталған. Негізгі себебі ағаштардың табиғи қартаюынан. Содан кейін қала әкімдігі саябақ әкімшілігіне ағаш түрін көбейту міндетін қойылған.
Есдәулет Достияров, Дендрологиялық саябақ директоры: «179 ағаш түқымын алып келдік. Одан бөлек, 84 түрлі қаламша алып келдік. 43 көшет бізде қайталанбайтын. 214 түрлі ағашқа осы 43 түрлі ағаш түрі қосылып, қазір саябақта 257 түрге жеттік. Одан бөлек, әкелген тұқымдарымыз, қаламшаларымыздың бәрі алдымыздағы жылыжай мен тұқымбақта өсіріліп жатыр. Осылардың ішінде өсіріліп жатқан ерекше ағаш, қызғалдақ ағашы. Қызғалдақ ағашы 500 жылға жуық өмір сүреді. Негізгі таралу аймағы солтүстік Америка. 15-20 жылда тура қызғалдақ сияқты гүл ашады. Мамыр айында гүлдейді екен».
Дендрологиялық саябақта Қызғалдақ ағашы сияқты «Қызыл кітапқа» енген 9 түрлі ағаш бар. Оны саябақты жиырмадан аға ғылыми қызметкері көзінің қарашығындай күтіп-баптайды. Жаңадан егілген ағаштардың тұқымдары мен қөаламшасы өніп, жерсініп кетсе саябаққа тағы 2 жүзге жуық ағаш түрі қосылады.
Есдәулет Достияров, Дендрологиялық саябақ директоры: «Енді алдағы уақытта күзге жақын нақты біз санап қаншасы шықты, қаншасы шықпады, қаншасы жерсінді, жерсінбеді ол туралы мәліметтерді күзгі есептен кейін беретін боламыз. Біздіңше, өсіп жатқан сияқты. Өте қиын жұмыс қой былай айтқанда, кішкентай сәбиді мәпелеп өсіргенмен бірдей».
Есдәулет Достияровтың сөзінше, саябақтағы ағаш түрін көбейтуге бюджеттен қосымша қаражат қарастырылмаған. «Бұл аса бір үлкен қаражатты қажет етпейді» дейді ол. Ағаш тұқымдары, қаламша, көшеттері Қазақстандағы ботаникалық саябақтармен қоса Өзбекстан, Қырғызстаннан да жеткізілген. Жалпы Дендрологиялық саябақтың жылдық бюджеті 700 миллион теңгеге жуықтайды. Онда 182 адам жұмыс істейді.
Дилара Иса