Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі

Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталмақ. Статистикалық зерттеу 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы мәлімдеді. Айтуынша, барлық ЖШС, жеке кәсіпкерлер, ферма қожалықтары сауалнамадан өтуге міндетті. Ол үшін, арнайы электронды сайт қарастырылған.

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы саласы бойынша санақ жүргізілмек. Бұл елдегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, ресурстарын, өнімдерін, құрылымын анықтау мақсатында жүргізілетін маңызды мемлекеттік шара. Біз барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін санаққа белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл жай ғана статистикалық шара емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігі, фермерлерді қолдау және аймақтарды дамыту шешімдерінің негізі.

Тек сенімді деректер ғана тиімді мемлекеттік аграрлық саясатты қалыптастыруға көмектеседі дейді жауапты мамандар. Айтуларынша, ұлттық санақ осыдан 18 жыл бұрын жүргізілген. Сондықтан, статистикалық мәліметтерде ескірген.

Ерназар Құлтаев, Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы: «БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының халықаралық шешіміне сәйкес, әр 5-10 жыл сайын жүргізілу керек. Бірақ үзіліс болды. Елімізде санақ 2006-2007 жылдары жүргізілді. Екі кезең бойынша. 2025 жылы санақ бір мезгілде жүргізілетін болады».

Санақ туралы ақпарат, нұсқаулықтар, онлайн сауалнамалар қолжетімді. Қала бойынша жергілікті әкімдіктер мен мемлекеттік мекемелерде 13 жерде өзіне-өзі қызмет ету бұрышы ашылған. Сондай-ақ, интернет желісімен қамтылған. Бұдан бөлек, арнайы сайттар іске қосылып, заманауи деңгейде тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Егер, қандай да бір түсінбеушілік туындаса, жасанды интеллекттің көмегіне жүгіне аласыздар.

Ауылшаруашылығына кімдер қатысады. Бұл мал шаруашылығы, өсімдік, балық шаруашылығы саласындағы шаруалар, жеке кәсіпкерлер қатысады. Санақтан онлайн түрде, ыңғайлы өту үшін, жергілікті әкімдіктерде, мекемелерде өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды. Жеке ЖШС барлық кәсіпкерлер, ферма қожалықтары сауалнамадан сәтті өту керектігін ескертемін. Және барлығы санаққа қатысуға міндетті.

Айта кету керек, онлайн-кезең 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Онда респонденттер санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. Ал, 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында, интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарына баратын болады.

Нұргүл Жолымбетова