Түркістан облысы Кентау қаласында 3 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шатырдан шыққан өрт 400 шаршы метр аумақты алған.
«Жедел келген өрт сөндірушілер 400 шаршы метр аумақтағы шатырдың жануын сөндірді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 50-ге жуық тұрғын өздігінен далаға шықты». Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Дилара Иса