«4-5 балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тоқтайды». Осындай ақпарат әлеуметтік желіде желдей есті. Сондай-ақ, қоғамның қызу талқысына түсіп, кейбір аналардың ашуына тиген. Алайда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Яғни, БАҚ беттерінде тараған хабарламалар шындыққа жанаспайтынын жариялады.
4-5 баласы бар көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыдан қағылады. Ия, дәл осындай ақпарат тарап, көпшіліктің талықысында қалды. Бұл деректі тіпті бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Алайда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жазбаларды жоққа шығарды. Яғни, шындыққа жанаспайды деп ресми мәлімет таратты.
«Бірқатар БАҚ, ақпараттық топтар мен әлеуметтік желі парақшаларында қолданыстағы заңнамаға сәйкес 6 және одан да көп балалы отбасылар ғана көпбалалы отбасы болып саналады деген жалған ақпараттар таралуда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі берілетінін хабарлайды»
Министрліктің мәліметінше, мұндай отбасыларға табысына қарамастан ай сайынғы жәрдемақы әдеттегідей төленеді. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға төленетін төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады деді жауаптылар. Атап айтқанда:
4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
— 8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 15 728 теңге төленеді.
Сонымен қатар, 6 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген, «Күміс алқа» алған аналарға 25 165 теңге. Ал, «Алтын алқа», «Батыр ана» I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 29 097 теңге төленеді.
Нұргүл Жолымбетова