Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы филиалы, аймақтық штаб, медициналық ұйымдар және жалпы тәжірибелі дәрігерлер қатысты.
Қор филиалының өкілдері МӘМС туралы заңға енгізілген соңғы заңнамалық өзгерістер жайлы ақпарат беріп, бұл өзгерістер азаматтардың денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын айтты.
Дөңгелек үстөлде атап көрсетілгеніндей, қазір бірыңғай медициналық қызметтер пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталды. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, онкологиялық скринингтер 2026 жылдан бастап ТМККК тізіміне өтеді және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін болады. Бұл жаңашылдықтар азаматтарға уақытылы диагностиканы ұйымдастыруға және денсаулығын жақсартуға көмектеседі.
Сонымен қатар, келесі жылдан бастап МӘМС-тің базалық пакетіне амбулаторлық диализ, сондай-ақ динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы аурулардың 12 тобы бойынша консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету, жоспарлы түрде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек кіреді.
Бұл өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, қызметтер пакеттерін нақты ажыратуға және халық пен медицина қызметкерлерін дұрыс ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 177 медициналық ұйым қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік медициналық ұйымдар. Оның ішінде 68 мекеме МӘМС шеңберінде стоматологиялық қызмет түрлерін көрсетуде.