Жетісай ауданындағы Қызылқұм ауылдық округінде оқымайтын және жұмыс істемейтін жастардың (NEET) санын азайту мақсатында арнайы жұмыстар жүргізілді.
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мен Қызылқұм ауылдық округі әкімдігі мамандары бірлесіп үй аралап, жастармен тікелей байланыс орнатты. Әңгімелесу барысында олардың қазіргі жағдайы мен қызығушылықтары ескеріліп, нақты бағыттар ұсынылды.
Жастарға “Серпін”, “Жастар практикасы”, “Тәуелсіздік ұрпақтары”, “сияқты мемлекеттік бағдарламалар таныстырылып, қалай қатысуға болатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен айналысып жүрген жастарға жеке кәсіпті заңдастыру жолдары, жеңілдетілген несие және қайтарымсыз гранттар алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Мұндай жұмыстар жастарды белсенді өмірге тартуға және олардың қоғамдағы орнын табуына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.