Ордабасыда мүгедек жігітті үй кезегінен заңсыз шығарған 

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының тұрғыны Ақжол Нияз 12 жылдан кейін тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылғанын білген. Бұл туралы оның заңды өкілі інісі прокуратураға шағым түсірген. Нәтижесінде, оның құқығы қорғалып, пәтер берілген.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының тұрғыны Ақжол Нияз — І-топ мүгедегі. Оның заңды өкілі әрі інісі Данил Нияздың айтуынша, ағасы 2023 жылы үй кезегіне тұрғанымен, белгісіз себеппен кезектен шығып қалған.

Данил Нияз, Ақжол Нияздың інісі: «Былтырдан бастап Темірланда тұрғын үйлер салына бастады. Естідім, осы Темірланда әкімдікке келдім. Сұрасам, тұрғын үй кезегінен шығарып тастап жатыр екен. Неге деп сұрасам ағамның атында үй бар деп негізсіз шығарып жатыр екен».

Данил Нияз ағасының тегін тұрғын үй алу құқығын қорғау мақсатында Ордабасы аудандық прокуратурасына шағым түсірген. Прокуратура І-топ мүгедегі Ақжол Нияздың тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылу фактісі бойынша тексеру жүргізген.

«Зерделеу нәтижесінде азаматтың кезектен заңсыз негізде шығарылғаны анықталды. Аталған заңбұзушылық бойынша тиісті ұсыну енгізіліп, тұрғын үй бөлімі басшысы мен жауапты маман қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде тұрғын үй кезегі қалпына келтіріліп, Ақжол Ниязовқа пәтер табысталды».

Түркістан облыстық прокуратурасы

2025 жылдың өткен 6 айында Түркістан облысы прокуратурасына түрлі шағыммен келген 15 434 мүмкіндігі шектеулі азаматтық құқығы қорғалған. Жалпы аймақта 100 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі адам өмір сүреді.

Дилара Иса