«OTYRAR» телеарнасы «Жыл телеинстасы» номинациясының жеңімпазы атанды

фото kz.otyrar.kz

 

«OTYRAR» телеарнасы «Жыл телеинстасы» номинациясы бойынша сыйлықтың иегері атанды. Бұл кездейсоқтық емес. Бір жыл ішінде Instagram-дағы медиа-ресурстың ресми парақшасы қарыштап өсті: аудитория 262 000-нан 310 000 жазылушыға дейін көбейді. Телеарнаның әлеуметтік парақшасындағы жаңалықтар ай сайын 12-ден 15 миллион қаралым жинайды. Тек сәуір мен шілде аралығында «ОТЫРАР» парақшасы 45 миллионнан астам қаралым жинаған.

Сараптама мәліметтері бойынша, негізгі аудитория Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары (43,3%). Сондай-ақ, маңызды үлесті Алматы (17%), Астана (5,4%) және Бішкек (3,4%) қалаларының оқырмандары құрайды.

Бізді мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін әр түрлі жастағы адамдар көріп, оқиды. Біздің аудиторияның оқымандары белсенді әрі қамқор. Жазылушылардың 36,5%-ы 35-44 жас аралығындағылар, тағы 35,9%-ы 25-34 жас аралығындағы жастар.

Және бұл сандар олардың бізге сенетінінің тағы бір дәлелі: біздің көрермендеріміз, жазылушыларымыз, жарнама берушілер.

Біз лайк қумаймыз, ЛАЙЫҚТЫ деген баға неғұрлым көп болса, біздің командамыз үшін бұл үлкен қолдау болып табылады. Біз әрқашан «ОТЫРАР — сенің теледидарың» деген ұранға адалмыз.

Тұрғындарды шынымен де алаңдатып отырған жәйт туралы айтатын халықтық телеарна. Мұнда әрбір әңгіме, әрбір дауыс, әрбір сұрақ маңызды. Ал егер санымыз көбейсе, бұл біз бәрін дұрыс істеп жатырмыз деген сөз. Бұл көпшіліктің бізге сенетінін білдіреді.

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет!
Барлықтарыңыз да біздің ынталандырушы және шабыттандырушысыздар!