Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті

фото Отырар.кз

Коммуналдық тарифтердің бағасы көтеріледі. Ал бағаны шарықтауға не себеп болды? Мамандар не дейді? Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында ашық айтылды. Қалалық табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы тарифтердің көтерілуі білікті мамандардың жалақысын арттыру үшін қажет болғанын жеткізді. Сонымен қатар, тозығы жеткен субьектілерді жаңалау керектігін алға тартты.

Жылумен жабдықтау саласында тозу деңгейі «3-Энергоорталық» АҚ – 55,76%, «Қуатжылуорталық-3» МКК – 37,1% құрайды. Жалпы 2024 жылы 216,29 млн. теңге инвестицияланды. Ағымдағы жылы 205,76 млн. теңге инвестиция салу жоспарлануда. Ал бұл статистикалық мәліметтер, қоғамдық кеңес мүшелеріне жақпай қалды. Департамент басшысы Кенжеболат Қуандықұлы жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап бере алмай, әбден ұятқа қалды. Десе де, тарифті көтеру арқылы, білікті мамандардың жалақысын көтергенін жасырмады.

Кенжеболат Көшекбаев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы: «Қазір толғандыратын мәселе тариф көбейіп жатыр. Не үшін көбейіп жатыр? Сапасы қаншалықты болады? Қаншалықты жұмыс жасайды? Ағымдағы жағдай бойынша тарифтерді ұстау, сол бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар керек. Талдау жоқ. Түпкі нәтиже керек».

«Жалақыны көтеру туралы айтып отырғаным, кадрлардың мамандардың дефициті болып табылған болатын. Сол жоғары квалификациялы мамандарды алып қалу үшін, жоғары жалақы дегеніміз, білімді мамандарды ұстап қалуға әрекет етті. Ал тарифті инвестиция және қосымша инвестиция берілуі тозу деңгейін төмендетуге ықпал етіп отыр».

Тарифтік монополиялық субьектіде 2 млрд 45 млн теңге ақша жұмсалған. Тозу деңгейі 57,65 пайыздан 57 пайызға төмендеген. Бір жылда 0,65 ке төмендеген. Егер оны 30-40 пайызға төмендетер болсақ, қанша жылда көбейеді? Су бұру саласы бойынша да 1 пайызға төмендеген. Сонда қанша жыл тарифіміз көбейеді. Айлық жалақымыз жетпейді. Суға төлетін болсақ, кредит алатын шығармыз.

«Тез жауап бересіз ба уақыт алып жатсыз. Тозу деңгейі деген 1 пайыз деген қосымша тозу деңгейін төмендету. Осы мүліктерді күтіп ұстау, соны төмендетуде бар. Шамамен 3 пайыз төмендейді».

Жиынға қатысушылар су, жарықтың бағасын өсіру халықтың қалтасын қағатынын жеткізді. Жыл сайын тарифті көтеру ақылға қонымсыз. Мұны реттеу керек дейді. Онсыз да сұраққа мардымды жауап бере алмай отырған басшы, тағы да кібіртеңкіреп тұрып қалды. Қолында қажетті құжаттары жоқтығын жеткізді.

«Халықтың жағдайын ойлау керекпіз. 2024 жылы мен 2025 жыл аралығында су, свет қанша есе өсті. Оны реттеу үшін не жұмыс жасадыңыздар?».

«Су шамамен 10 пайызға өсті. 2024-2025 -ке. Электроэнергия бойынша қанша өскенін айта алмаймын. Нақты Түркістан облысы департаментімен реттеледі».

«Өзге өңірлермен салыстырғанда қандай өзі?».

«Өзге өңірлермен салыстырғанда орташа деңгейде. Қазір қолымда болмай тұр».

Осылайша сын астында қалған басшы, келесі жолы дұрыстап дайындалып келуге уәде берді. Әйтпегенде, кеңес мүшелері Еөтініш арқылы сұрау салып, жауаптылардың жұмысын майшаммен қарамақ.

Нұргүл Жолымбетова