Шымкент қаласы Тұран-2 ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үй тұрғындары қоқыс жәшігін басқа жерге ауыстыруды сұрайды. Айтуларынша, 9 қабатты оннан аса тұрғын үйге бір ғана қоқыс тастайтын орын салынған. Одан қолқаны қабатын иіс шығып, демалу мүмкін емес.
Қоқыс орнына трасформатор тиіп тұр. Айнала балалар алаңшалары орналасқан. «Бұл өте қауіпті» дейді тұрғындар. Қаратау ауданы әкімдігі қоқыс орнын алмастыру туралы қалалық құрылыс басқармасына өтінім бергенін айтады. Ал құрылыс басқармасы бұл өтінімнен бейхабар болып шықты.
«Мына мусорды қанша рет әкімшілікке айттық? Мына жерде нан жатыр, міне. Артын қараңыздар, трансформатор өртенеді бір күні. Қараңызшы, аққан мусордың иісі тіпті мүмкін емес».
Шымкент қаласы Тұран-2 ықшам ауданындағы №12, 13,14 көрқабатты тұрғын үй тұрғындары үй алдындағы қоқыс төгетін орынның маңында өту мүмкін емес дейді. Айтуларынша, 8 қоқыс жәшігіне 9 қабатты 18 үйдің тұрғындары қоқыс тастайды. Бір күнде таудай үйілген қоқыстан қолқаны қабатын иіс шығады.
«Мына жерде сасық иіс. Отыра алмайсың. Мында балалар ойын алаңшасы. Алаңшаның маңын көрдіңіздерме?».
Тұрғындардың айтуынша, сасық иіс айнала тұрғын үйлерге дейін жетіп, терезені ашу мүмкін емес дейді олар. Ал балалар айнала орналасқан алаңдаларда ойнап, уланып жатқанын, тіпті кейбірінің денесіне жара шыға бастағанын айтады.
Қайрат Шуанов, тұрғын: «Иісі шыққан кезде, тіпті мұрынды жарып жібереді ғой. Мына жерде, мысалы менің немерелерім бар, балалар бар отыру мүмкін емес мұнда. Мәселені қанша рет әкімшілікке қойды. Бұл жерде қалады дейді. Мысалы, анау трасформатор өртенетін болса, білесіздер ме қанша жарылатынын. Бұл адамның қауіпсіздігі. Бұл жарылатын болса масқара болады мусор жанатын болса».
Оразбек Баисов, тұрғын: «Мына садырасы кешке ана жерде отырыңыз, басыңыз ауырған кезде ішке кіріп кетесіз. Мына жердегі 18 үйдің әрқайсысында 54 отбасы бар. Есептесеңіз, 200 отбасыдан асып кетеді. Соның бәрі әкеліп үйілген кезде мына жаққа келеді. Ол кезде ішке кіргіз деп айта алмайсыз. Ананың бәрі толып қалады. Көліктегілер көліктен түспей лақтырады. Ең қиыны ертең бұл жерде үлкен тышқан көбейеді. Мынаның иісі ғой. Анау ойнап жатқан баланың аяғының астында жатады аяғының астында. Мынау у ғой, у. Қазір қараңызшы қанша градус ыстық. Ыстық сасыған затты одан бетер ашытып жатыр. Одан у шығып жатыр мына жерде. Қызым садиктен құсып қайтып келді үйге, уланып қалған кеше ойнаған».
Әйгерім Бекбаева, тұрғын: «Мен үйде денсаулығы жоқ бала асырап отырмын. Есіктің алдына алып шығу мүмкін емес қой. Мына коляска бар, оған қызды қоссаңыз одан да ауыр. Ол да коляскіде отырады. Мен ары-бері ұзақ жерге жүре алмаймын. Шығамыз, иісі сасық қой айта алмаймын. Таза ауа жұта алмайды. Обал ғой, дұрыс па? Балалар ертең ауру болады. Міне мына баланың қолын қараңыз. Жара шығып кеткен. Инфекция ғой осының бәрі. Бұл ойнайды мына жерде балалар алаңшасына».
Тұрғындар 2 жылдан бері бірнеше рет әкімдіктен қоқыс орнын ауыстырып беруді сұраған. Бірақ, баяғы жартас -сол жартас, нәтиже болмаған. Олар уланудан бөлек қоқыс жанындағы трасформатор жарылып кете ме деп алаңдайды.
«Жоба бойынша мына жерге қойылған. Жоба бойынша осылай бекітіп, экспертизадан шыққан. Мынаны қараңыз, заң бойынша мына жерде жоқ қой. Осы жерде болуы керек қой. Мынаның бәрі енді бізге келіп жатыр».
Қаратау ауданы әкімдігі тұрғындардың айтқанын жоққа шығармайды. Әкімдік мәліметінше, қоқыс орнын басқа жерге ауыстыру туралы тұрғындардан шағым түскен, ол туралы әкімдік қалалық құрылыс басқармасына өтінім берген. Ал тұрғындарға мән-жайды түсіндіруге келген құрылыс басқармасының қызметкері бұдан бейхабар екенін жеткізді. Ол қоқыс орнын ауыстыру мүмкін емес дейді. Айтуынша, жоба бойынша қоқыс орны осы жер деп белгіленген. Ол тұрғындарға ықшам аудан жобасын ашып, ондағы қоқыс орындарының орналасқан жерін көрсетіп беруге тырысты.
Оның өзінде осы аумақтағы болуы тиіс өзге қоқыс орындары жоқ болып шықты. Бұған ашуланған тұрғындар тез арада мәселе шешілмесе сотқа жүгінетіндерін айтып тарасты.
Дилара Иса