Сайрам ауданында басталған құқықтық ақпараттық акцияның басым бөлігі ауылдық елді мекендерде өткізіліп жатыр. Аудан прокурорының айтуынша, бұл кездейсоқ таңдау емес. Соңғы уақытта шалғай ауыл тұрғындары түрлі құқық бұзушылықтарға – әсіресе интернет алаяқтық пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі тап болады.
Сондықтан заң түсіндіру жұмыстары ең алдымен ауыл халқына бағытталған. Мамандар түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылықты арттырып, осындай оқиғалардың алдын алуға болады дейді.
Дәулет Тілемісов, Сайрам ауданының прокуроры: «Құрметті әрептестер, атқарылып жатқан жұмыс ортақ. Аталған нәрсенің маңыздылығына назар аударып, осы бағыттағы тиісті жұмыстарды атқаруға шақырамын. Іске сәт».
Сайрам ауданында «Заң мен тәртіп» аясында арнайы түсіндірме жұмысы жүріп жатыр. Жергілікті құзырлы органдар бастамасымен қолға алынған шара бір күндік науқан емес – ол құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс. Қоғамның құқықтық иммунитетін күшейту – бүгінгі күннің басты міндеті дейді аудан прокуроры.
Дәулет Тілемісов, Сайрам ауданының прокуроры: «Әр алдам өзі жайлы ақпарат сұраған кезде олар алаяқтықты кәсіп еткенін түсіну керек. Себебі банк қызметкерлері ешқашан ақпарат сұрауға құқысы жоқ. Осыған көңіл бөліңіздер. Сонымен қатар, қоғамда орын алып отырған есірткі қылмыстары. Жастардың қолдануы, оны егіп, ұстауымен айналысып жатқан азаматтарды құрықтау мақсатында осы жөнінде кеңінен ақпарат алып, осы бағытта жұмыс жасау керек».
Ауданда өтіп жатқан акциядан қала әкімдігі мен жастары да шет қалмады. Олар бұл бастама қатарластарын алаяқтар тұзағына түсіп, қомақты қаржысын жоғалтып алмас үшін маңызды дейді.
Асқарбек Маматов, «Талант» жастар бөлімінің маманы, ерікті: «Қазіргі таңда сіздің номеріңізге, банк шотына ақша түскенде қарта номерін сұрайды. Немесе сіз сыйлыққа ие болдыңыз деп жастарды немесе қария кісілерді алдап салуға оңай болатын жандарды алаяқтар көп алдап жатыр. Қазір прокуратурамен бірге түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Халыққа пайдалы болсын деген мақсатта»
2000-ға тарта түсіндірме қағазын бөліп алған мамандар 11 елдімекенді аралап түсіндірме жұмысын жүргізуге аттанды.
Жауаптылар тұрғындар көп жиналатын орындарда үндеу парағын жабыстырып, жергілікті халыққа түсіндіру жұмысын жүргізді.
Акция аясында қоғамдағы ең өзекті деген төрт мәселе қамтылды: есірткіге қатысты қылмыстар үшін заңмен қарастырылған қатаң жауапкершілік, интернет пен тұрмыста жиі кездесетін алаяқтықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылыққа мүлде төзбеу қағидатын қалыптастыру. Барлық бағыттағы жұмыс тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта құруды көздейді.
Бақыт Ташқұлов, Сайрам АПБ ЖПҚБ бастығы: «Брошюраларда барлық нәрсе көрсетілген. Полицияға хабарласу, қай уақытта, қандай кодтарды бермеу, смс-терге жауап бермеу, ол жерде айла тәсілдер көрсетілген. Солардың бәрімен полицияға хабарласу жолы көрсетілген. Сол бойынша профилактикалық жұмыс жүріп жатыр»
Аудан прокурорының айтуынша, акцияның негізгі бөлігі ауылдық аймақтарда өткізіледі. Өйткені соңғы уақытта шалғай елді мекен тұрғындары құқық бұзушылықтың түр-түріне, әсіресе интернет алаяқтық пен тұрмыстық жанжалдарға жиі тап болады. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттырып, алдын алу шараларын күшейтіп жатқандарын жеткізді.
Дәулет Тілемісов, Сайрам ауданының прокуроры: «Акцияға арнайы 2 мыңға тарта парақша дайындадық. Және 500-ге жуық арнайы тақтайша дайындап, халық көп шоғырланатын орынға ілуді жоспарлап отырмыз. Осы акциямыздың басты мақсаты осы шалғай аймақтарға тұратын тұрғындар неге көбірек көңіл бөлуі керек екені туралы түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде интернет алаяқтық 38 пайызға, жалпы қылмыстар 5 пайызға түсіп отыр».
Прокуратура өкілдері тұрғындарға қарапайым ережелерді түсіндіру арқылы заңсыз әрекеттердің жолын кесуді көздейді. Сөздерінше бұл – ауылдағы ағайынның өз құқығын білуіне және құқық бұзушылықтан дер кезінде қорғана алуына бағытталған маңызды қадам.
Әсел Мәлік