Шымкент пен Түркістан облысында елдегі ең төмен тарифтердің бірі сақталады

фото tr.pinterest.com

 

 

ШЫМКЕНТ. 2025 жылғы 1 тамыз — Шымкент пен Түркістан облысында 1 тамыздан бастап электр энергиясының жаңартылған тарифтері күшіне енеді. Бұл шешім ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаментімен бекітілді. Басты мақсат — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету және желілерді ауқымды жаңғырту.

НЕГЕ БҰЛ ҚАЖЕТ?

Тарифтердің өсуі — бұл мәжбүрлі қадам және коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту үшін стратегиялық құрал. Егер бүгін жаңартуға қаржы бөлінбесе, ертең бұл халыққа әлдеқайда қымбатқа түседі. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, негізгі себеп — инфрақұрылымның сын көтермес жағдайы. Ел бойынша жылу желілері мен су құбырларының 60%-дан астамы тозған.

Тарифтің өсуіне мына факторлар да әсер етті:
– көмір, жанармай, құрылыс материалдары мен электр энергиясының қымбаттауы;
– саладағы кадрларды ұстап қалу үшін жалақыны қайта қарау қажеттілігі;
– жылдар бойы тарифтердің жасанды түрде төмен деңгейде ұсталып, индексацияланбауы.

Сыртқы факторлар да қысым түсірді: санкциялар, импорт бағасының өсуі, теңгенің әлсіреуі.

МЕМЛЕКЕТ НЕ ІСТЕП ЖАТЫР?

Инвестициялық тапшылық шегіне жеткенде, шұғыл әрі жүйелі шаралар қажет болды. 2023 жылы ҚР Үкіметі «Инвестицияға айырбас ретінде тариф» қағидатын және «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын бекітті.

Тарифтік реформа — бұл сенімділікке салынған инвестиция.
Энергетикалық компаниялар кезең-кезеңмен тарифтерді көтеруге құқық алады, бірақ тек нақты инфрақұрылымдық инвестициялар жасау шартымен:
– жаңа қосалқы станциялар салу,
– ескірген жабдықтарды ауыстыру,
– цифрлық технологияларды енгізу,
– заманауи есептеу құрылғыларын орнату.

  • Сонымен бірге мемлекет тарифтерді тек көтеріп қана қоймайды — бұл үдерісті қатаң реттеп, әлеуметтік қорғаныс тетіктерін іске асырады:
    Барлық өзгерістер ҚР Энергетика министрлігі мен ТМРК келісімімен енгізіледі;
  • RAB-модель ендірілуде — мұнда жабдықтардың нақты тозу деңгейі ескеріліп, әділ қаржыландыру қамтамасыз етіледі;
  • Әлеуметтік осал топтарға өтемақылар мен субсидиялар қарастырылған.

ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭНЕРГИЯ ЖҮЙЕСІ: ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ

Оңтүстік Қазақстанның электр желілері тозудың жоғары деңгейіне жеткен.

  • Шымкентте — 200 км-ден астам желі мен ондаған қосалқы станциялар нормативтік мерзімінен артық пайдаланылуда, бұл жүктеме кезеңінде үзілістерге алып келуі мүмкін.
  • Түркістан облысында — 300 км-ден астам желі апаттық жағдайда, қосалқы станциялар да шекті мерзімнен тыс жұмыс істеуде.

Осы мәселені шешу үшін кезең-кезеңмен инвестициялық бағдарлама іске асуда.

  • 2024 жылғы нәтижелер:
    Шымкент: 107,6 км желі жаңартылды, 50 трансформатор ауыстырылды, 110 кВ қосалқы станция салынды.
    Түркістан облысы: 358,4 км желі жаңғыртылды, 81 трансформатор ауыстырылды, 2 қосалқы станция жаңартылды.
  • 2025 жылға жоспар:
    Шымкент: тағы 90,5 км желі, 33 трансформатор, 4 қосалқы станция және 3 км ВЛ-35 кВ.
    Түркістан облысы: 356,8 км желі, 89 трансформатор, 6 қосалқы станция және 25,6 км ВЛ-110 кВ.

Жыл қорытындысы бойынша тозу деңгейі 56,7%-ға дейін төмендеп, нормативтік шектерге жақындайды. Бұл энергиямен жабдықтаудың сенімділігін едәуір арттырады.

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ҚОСЫМША ШАРАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

  • Шымкент:
    – 6 қосалқы станцияны қайта құру,
    – 112 трансформатор орнату,
    – 238,6 км желіні ауыстыру.
  • Түркістан облысы:
    – 39 қосалқы станция,
    – 425 трансформатор,
    – 782,7 км желі.

Сондай-ақ екі ірі 220 кВ қосалқы станцияның құрылысы басталады:
– Шымкенттегі «Қызылсу»,
– Түркістан облысындағы «Ақсу»,
– Әрқайсысы 125 МВт қуаттылығымен, 190 км жаңа желімен бірге.

Инвестиция көлемі:
– Шымкентке — 39 млрд теңгеден астам,
– Түркістан облысына — 61 млрд теңгеден астам.
Жалпы, алдағы 5 жылда бұл өңірлерге 100 млрд теңгеден астам инвестиция құйылады.

Осы ауқымды жаңғырту жұмыстары тұрақты қаржыландыруды қажет етеді. Сондықтан 1 тамыздан бастап өңірде электр энергиясының жаңа тарифтері күшіне енеді. Бұл өсім «Инвестицияға айырбас ретінде тариф» қағидаты бойынша іске асырылады — түсетін қаржы желі сапасын жақсартуға, жабдықты жаңартуға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталады. Тұрғындар үшін базалық тарифтер қолжетімді деңгейде қалуда.

2025 ЖЫЛҒЫ 1 ТАМЫЗДАН БАСТАП ТАРИФТЕР:

  • Тұрғындар (1-топ): 26,64 тг/кВт·сағ (ҚҚС-пен);
  • Тұрмыстық емес тұтынушылар (2-топ): 44,75 тг/кВт·сағ;
  • Бюджеттік ұйымдар (3-топ): 74,08 тг/кВт·сағ;
  • Жеңілдетілген тариф (АЭА, ИА, ИЗ): 38,42 тг/кВт·сағ.

 

  • Тұрғындар үшін дифференциацияланған шкала:
    – Электр плиталары бар үйлер — 25,42 тг
    – Электр плитасыз:
    90 кВт·сағ-қа дейін — 24,24 тг,
    • 90–150 кВт·сағ — 31,97 тг,
    • 150 кВт·сағ-тан жоғары — 39,97 тг.

 

Өңір1-деңгейлі тариф (тг/кВт·сағ)Дереккөз
1Қостанай облысы (АТЭК)33,13Сілтеме
2Алматы қаласы32,37Сілтеме
3Қостанай облысы (Форфайт)31,75Сілтеме
4Жамбыл облысы27,03Сілтеме
5Қызылорда облысы26,79Сілтеме
6Алматы облысы / Жетісу облысы26,53Сілтеме
7Батыс Қазақстан облысы26,44Сілтеме
8Шымкент, Түркістан облысы24,25Сілтеме
9Қарағанды облысы (Абай облысымен)23,16Сілтеме
10Астана қаласы22,39Сілтеме
11Павлодар облысы21,46Сілтеме
12Ақтөбе облысы20,01Сілтеме
13Шығыс Қазақстан облысы19,11Сілтеме
14Солтүстік Қазақстан облысы18,10Сілтеме
15Атырау облысы16,68Сілтеме

Қазақстан бойынша орташа тариф — 24,67 тг/кВт·сағ. Тарифтің өсуіне қарамастан, Шымкент пен Түркістан облысында электр энергиясының құны әлі де ең қолжетімді деңгейде қалып отыр — бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден төмен. Осылайша, халыққа түсетін коммуналдық жүктеме орынды шекте сақталады.

 

ЕлТариф (USD/кВт·сағ)Шамамен теңгемен
Қазақстан0.056~25.20 тг
Өзбекстан0.070~31.50 тг
Ресей0.086~38.70 тг
Түркия0.134~60.30 тг
Оңтүстік Корея0.210~94.50 тг
Германия0.378~170.10 тг

 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA) және GlobalPetrolPrices ресурсының деректері бойынша, Қазақстанда халық үшін электр энергиясының бағасы ТМД, Азия және Еуропа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бұл коммуналдық төлемдердің үлесін қолайлы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді — ол үй шаруашылықтарының кірісінің орта есеппен 10%-ынан аспайды, ал бұл әлеуметтік тұрғыдан орнықты көрсеткіш болып саналады. Қазақстан әлі де өңірдегі электр энергиясына ең төмен тарифтер белгіленген елдердің бірі болып қала береді.