«Shymkent жоғары педагогикалық колледжімен» болашаққа жол ашыңыз

фото Отырар.кз

Бүгін «Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің» қабырғасында жүздеген жасқа студенттік өмірмен қоштасу қоңырауы соғылды, үлкен мамандық иесі болу үшін тағы бір есік ашылды. Биыл 414 түлек диплом иесі атанды. Колледж болашақ педагогтарды өз ісін сүюге баулып, жоғары кәсіби маман дайындайтын аймақтағы жетекші оқу орындарының бірі болып саналады. Салтанатты рәсімге біздің тілшіміз де барып қайтты.

Марина Яковлева бала кезінен мұғалім болуды армандады. Оған бұл арманын жүзеге асыруға «Shymkent жоғары педагогикалық колледжі» көмектесті. Жас түлек оқу жылдары жаңа белестерді бағындырғанын айтады. Жаңа достар табуға сеп болған. Ал бүгін алған дипломы жаңа ұрпақты тәрбиелеуге жол ашады.

Марина Яковлева, «Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің» түлегі:
«Өмірімді балаларға сабақ берумен байланыстырғым келеді. Колледжде оқу маған өте ұнады, бәрі жоғары деңгейде болды. 3 жыл бойы қолдау көрсеткені үшін барлық оқытушыларға және кураторымызға алғыс айтқым келеді. Келіңіз, қорықпаңыз — бұл оқу орны үлкен мүмкіндіктер жол ашады».

Салтанатты жиынға түлектермен бірге олардың ата-аналары мен оқытушылар жиналды. Концерттік бағдарлама ұсынылды, түлектердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. 3 жылда студенттер өз білімін толықтырды, сөйтіп бүгін 414 түлек диплом алды. Олардың 62-сы үздік дипломмен марапатталды. Бұл әрбір түлек үшін болашақ кәсіби мансапқа маңызды қадам.

Гүлнәр Ибрагимова, «Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің» директоры:
«Бүгін біздің колледжде өте сәтті күн. Бүгін біз өз түлектерімізге диптом табыстау ісін іске асырып жатырмыз. Биыл колледжде 404 бала – күндізгі бөлімде және 10 бала сыртқы бөлімде аяқтады. Оның ішінде 65 бала үздік дипломмен аяқтады. Бұл бізді өте қуантатын жағдай. Және біз бұл балаларға үлкен үміт артамыз».

«Shymkent жоғары педагогикалық колледжі» аймақтағы жетекші оқу орындарының бірі болып саналады. Мұнда болашақ мұғалімдерге теория ғана емес, сонымен қатар қазіргі мектептер мен балабақшаларда сұранысқа ие практикалық дағдылар үйретіледі.

Колледж студенттерге тағылымдамадан өту және тәжірибе алмасу мүмкіндігін бере отырып, шетелдік білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтасады. Оқу процесінде инновациялық әдістер мен цифрлық технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл студенттердің заманауи кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Shymkent Jоғары Pеdagogikalyg Kоllедjі

(№ KZ35LAA00014412 лиц. 25 .07. 2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген)

Мекенжайы: Шымкент қ. 8 март көшесі, 22
Тел: 8 7252 50 61 36, 8 701 400 13 63, 8 705 376 00 77
Сайт: shym-college.edu.kz
Email: ukpk_shym@mail.ru
instagram: shym_kolledj