Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланған

фото Егемен.кз

Шымкенте жыл басынан бері, 25 адам тамақтан уланған. Бұл туралы, тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, екі жағдайдың бірі жұмсақ балмұздақ сату орнында орын алған. Салдарынан, 17 адам уланып, медициналық көмекке жүгінген. Сондықтан, жаздың аптап ыстығында салқын тіскебасар алғанда сақ болу керек дейді.

Шымкентте 2 жағдай бойынша тамақтан улану фактісі тіркелген. Салдарынан 25 адамның денсаулығына зиян келген. Бір жағдай қоғамдық тамақтану орында орын алса, екіншісі 17 адам балмұздақтан уланған. Мамандардың айтуынша, қала бойынша қоғамдық тамақтану эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары 640 ал, мәні елеусіз 402 нысан бар. Сонымен қатар, тойханалардың саны 107-ні құрап отыр. Ал, жұмсақ балмұздақ орындары 98. Аталмыш нысандарды еш жосықсыз тексере аламаймыз. Заң аясында арыз түскен жағдайда, немесе кесте бойынша бақылау жүргіземіз дейді.

Әсем Дәулетова, Тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы: «Егер Прокуратура тарапынан, тапсырма хаттар болатын болса, мемлекеттік органдар атынан немсе жеке тұлғалардың атынан түсірілген арыз шағымдар болатын болса, олар хабарламаны беріп істегенмен, жоспармен тексермегенмен, арыз-шағымдар арқылы, тапсырма хаттары арқылы жоспармен тексерумен қамтылады. Осындай жағдай болмас үшін, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргіземіз. Жаңа айттым екі жағдай тіркелген деп. Санитарлық эпидиомиялық қызметке бүгінгі таңда, жедел ден қою шараларын пайдалану құқығы деген енгізілген. Егер олардың нысан жоғары топқа жататын болатын болса, санитарлық қорытындысы болмайтын болса, олардың қызметіне тыйым сала аламыз».

Айта кету керек, ашық тамақтану орындарымен қоғамдық орындарда мамандар кесте бойынша тексеру жүргізіп тұрады. Кейде әрбір мекеменің кемшіліктеріне байланысты, бақылау жұмыстары жүргізіледі деп отыр. Бұдан бөлек, брифинг барысында эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ұстау, тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу, жазғы кезеңде қала аумағында орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орындарға тексеру жүргізілетіндігі мәлім болды.

Қарақұлова Майра Сүйрекқызы, Коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы: «Бассейндерге су қайдан келеді деген сұрақтар көп болып жатады. Егер, бассейнге толтыру үшін орталықтандырылған су құбырлары болмаған жағдайда, ашық су көздерінен су толтырыуға болады. Бірақ, ол келген су циркулияция жасалынып, ағып кетіп отыру керек. Немесе аптасына бір рет суды ауыстыру керек. Қазіргі таңда көбіне су өздігінен тазаланып отырады. Оған да рұқсат берілген».

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының аумағынан ағып өтетін ашық су айдындарының су қорғау белдеулер шегін күл-қоқыстардан, тұрмыстық қатты қалдықтардан, балдырлардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалау жұмыстары қаладағы «Қошқар-Ата», «Сайрам-су», «Бадам» және «Қара-су» ашық су айдындарының аумағында жүргізілді.

Нұргүл Жолымбетова