Шымкентте дәрігерлер 5 шақалақтың жүрегіне ота жасады

Түркістан облыстық балалар ауруханасында Беларусьтен келген дәрігерлердің бас болуымен 8 шақалақтың жүрегіне ота жасады. Олардың үлкені екі жарым айлық, кішкентайы туғанына 3 күн болған. Мамандар әсіресе екі балаға ота жасау ауыр болды дейді.

Түркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жаңадан туған 8 шақалақтың жүрегіне ота жасалды. Олардың үлкені – екі жарым жаста, кішісі – туғанына 3 күн болған. Нәрестелердің барлығы туа бітті жүрек ауруларына шалдыққан. Отаны жасауға Беларусьтен келген кардиохирургдар бас болды. Олар әсіресе екі баланың операциясы ауыр болғанын айтады.

Юрий Линник,  кардиохирург:  «Науқастардың жағдайы шындығында өте ауыр. Бұл жолы үшеу, екеуі ота жасау кезінде түсті. Мәселені шешудің жолдары бар екенін бақылау біз үшін мәртебе. Аз да болса, динамиканың бар екені қуантады».

Бұл нәрестелер туа бітті жүрек ауруына шалдыққандар. Ота жасауға жүректегі қарынша аралық тесіктердің үлкеюі, артерияның тарылуы және бірнеше патологиясы бар науқастар таңдалған. «Бұл шұғыл жасалынатын оталар, кезек күтуге баланың уақыты болмайды» дейді дәрігерлер.

Алексей Цилько,  анестезиолог-реаниматолог: «Мұндағы жұмысың тек өзіңе ғана емес, жұмыс істеп отырған емханаға, тіпті келген еліңе де әсер етеді. База, адами қарым-қатынастар мен мамандардың біліктілігінің арқасында өзімізді өз үйімізде жүргендей сезіндік. Қазақстандық дәрігерлердің тәжірибесі мол. Мұны өз тәжірибемізбен біріктіру маңызды. Жұмыс істеуге жайлы орта сыйлағандарыңыз үшін рақмет!».

Дәрігерлер ота жасалғаннан соң балалардың өміріне төнген қауіп азайғанын айтады. Балалар қазір жансақтау бөлімдерінде ем алып жатыр. Ал шетелдік дәрігерлер ота жасағанын жергілікті дәрігерлер бақылап, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алған.

Дилара Иса