Шымкентте медициналық сақтандырудан өткендер саны миллионнан асты

Шымкентте 1 миллионнан аса адам медициналық сақтандырылған. Оның ішінде 7 жүз мыңнан астамы жеңілдік санатына кіреді. Яғни, олардың жарнасын мемлекет өтейді. Ал қалада 230 мыңнан аса адамда медициналық сақтандырудан өтпеген. Олардың ішінде 56 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтағы тұрғындар. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте хабарлады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарованың хабарлауынша, Шымкент тұрғындарының 80 пайыздан астамы, яғни 1 миллионнан астам адам медициналық сақтандырудан өткен. Олардың ішінде, 700 мыңнан астам адам жеңілдік санатына кіреді. Олардың жарнасын мемлекет төлейді.

Арапкүл Ізбасарова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент филиалы директорының орынбасары: «Тағы бір жақсы жаңалық – бұған дейін жарна төлемей қалған жағдайда адамның сақтандыру мәртебесі 3 ай ғана сақталатын еді, енді 5 жыл бойы тұрақты жарна төлеген адам болса, жұмысынан айырылған жағдайда бұл мәртебе 6 айға дейін сақталады. Яғни, азаматтар уақытша табысынан айырылып қалса да, медициналық көмексіз қалмайды. Бірақ кейін сол уақыттағы қарызын өтеуі керек болады».

Десе де медициналық сақтандыру жарнасын төлемейтіндер де бар. Ресми мәлімет бойынша, қалада 238 мыңға жуық адамда сақтандыру мәртебесі жоқ. Оның ішінде 56 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтағы тұрғындар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерге сай, 2026 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы санатқа жататын тұрғындар үшін медициналық сақтандыру жарналарын төлейтін болады.

Арапкүл Ізбасарова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент филиалы директорының орынбасары: «Мемлекет онкологиялық ауруларды ерте тексеру жұмыстарын күшейтуді көздейді. 2020 жылдан бестап онкологиялық ауруларды алдын ала анықтау яғни скринг тексерулердің бәрі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде атқарылатын болады. Бұған қоса бұған дейін туберкулез бен ВИЧ инфекциясын тексеру жасалған болса, енді оған қоса созылмалы вирустық гепотиттер мен бауыр цирозы, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары сирек кездесетін аурулар, инфарк сияқты жиі кездесетін күдік тудыратын жағдайларда консультация диагностикалық қызмет тегін көрсетілетін болады».

Келесі жылдан бастап жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да сақтандыру жүйесіне жергілікті бюджет есебінен қамтылады. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамту мәселелерінде әкімдіктердің жауапкершілігін арттырады дейді мамандар. Жалпы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жұрт не дейді? Олардың медициналық қызметке көңілі тола ма? Жолай тұрғындардан сұрап көрдік.

«Жоқ төлемеймін»
«Иә төлеймін, онша ала алмаймыз, көңілім толмайды».
«Толық емес, көңілім толмайды. Өзіме қажетті қызметтерді қолдана алмаймын. Айына 1 рет қана береміз 2 рет бере алмаймыз МРТ, КТ Түсіру қатты проблема».
» Төлейміз ғой».
— Соған сай қызмет ала аласыз ба?
— Шыны керек мед көңілім толмайды. Өзім тіркелген емханаға барып бір емделейінші десем, еш болмады ана жаққа, мына жаққа сандалтып, терапевке барсаң оны таппайсың».

Биыл әр адамға міндетті әлеуметтік медициналық жарна — 5950 теңге. Жалпы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1-қаңтардан бастап енгізілді.

Дилара Иса