Шымкентте жастар саясатын тиімді жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте жастар саясатын жүзеге асыру және әлеуметтік қолдау шаралары қарқынды жүргізілуде. Яғни, жергілікті деңгейде жастардың әлеуметтік, құқықтық және рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі жобалар мен іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар үшін мемлекет қазынасынан жалпы 2 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған. 

Үшінші мегаполисте жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар қолға алынып отыр. Бүгінгі таңда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, нығайту және ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау жұмыстары басты назарда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау шаралары да назардан тыс қалған емес. Осыған орай, сан-түрлі кездесулер, семинарлар мен ақпараттық науқандар тұрақты түрде өткізілуде. Ол үшін, мемлекет қазынасынан тиісті қаржы қаралған.

Әйгерім Жұмағұлова,  Қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқарма басшысы: «2025 жылы басқармаға қараған жалпы қаржы көлемі 2 млрд. 532 млн. 256 мың теңге. Бұл қаржы басқарма қызметкерлерінің және бағынысты мекемелердің қызметкерлерінің еңбекақысы. Оның ішінде басқарма тарапынан жоспарланған іс-шараға 263 млн, 17 шараға, жастар ресурстық орталығына 100 млн. 11 шараға, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге, 1 млрд. 245 млн. Қоғамдық келісім орталығына 46 млн. теңге. Өңірлік коммуникациялық орталығына 173 млн. 669 мың теңге».

Қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқарма басшысының айтуынша, арнайы бағдарламалар арқылы оларды жастарды қоғам өміріне белсенді араластыру, білім алуына және жұмысқа орналасуына жағдай жасалуда. Бұдан бөлек, психологиялық көмек, кәсіби бағдар беру және инклюзивті орта құру жұмыстары да жолға қойылған.

Әйгерім Жұмағұлова, Қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқарма басшысы: «Сонымен қатар, 2400 — ден астам жас, әртүрлі мәселелер бойынша кеңес алып, 80 — нен астам жас психологтар мен заңгерлердің көмектеріне жүгінді. Жастар арасында психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру және суицидтің алдын алу бағытында 52 іс-шара ұйымдастырылып, 32 мыңға жуық жас қамтылды».

Қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшысына түрлі сұрақтар қойды. Арасында мардымды жауап ала алмай отырмыз деп шамданғандары да бар. Десе де, жауапты басшы сыни сұрақтардың бәріне жауап беріп, көтерілген мәселелерне қатысты ойын жеткізді. Жиынға қатысушылар, мемлекет қазынасындағы қаржы талан — таражға түсіп жатыр дейді. Ол аздай, қоғамдақ бірлестіктердің жұмысына шүйлікті.

«Жасыл ел» деген бағдарлама. Биыл келісімшарт жасалған. Мердігер бас тартқан соң, бір жақты келісімшарт бұзылған. Көшірмесі де бар. Ақшасы 130 млн. Олар 115 млн. мен ұтты. Жыл сайын 5-10 млн. қосылып жатыр. Бұл тапсырыс бойынша, құжатында жазылған. Жұмыссыз студенттерге жұмыс тауып беру. Тапсырыс беруші министрлік. Сонда сіздер біреудің жұмысын істеп жатсыздар ма? Мұны неге біздің депутаттар бекіткен?»

ЖАУАП: «Қоғамдық бақылау жүргізейік. Бұл кісілердің есебін алдық. Дауысқа қойып, назарға алайық».

Жиында көтерілген барлық мәселенің жауабын тарқата талқылауға уақыт тапшы болды. Дегенмен, басқарма басшысы алдағы уақытта қоғамдық кеңес мүшелерімен және жауаптылармен бірге бірлесіп, бақылау жүргізіп, мәселенің жай-жапсарын нақтыламақ ниетте.

Нұргүл Жолымбетова