Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіріп, мәйітін қорлаған деген 19 жастағы жігіт пен оның серігіне қатысты үкім оқылды. Сот олардың бірін 22 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның серігін 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеді.
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіріп, мәйітін қорлады деген 19 жастағы жігіт пен оның серігіне қатысты үкімді оқыды. Сот Нұрсұлтан Тойлыбайды «Адам өлтіру» және «Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау» бабымен кінәлі деп танып, 22 бас бостандығынан айырды. Ал онымен бірге істі болған 18 жастағы Дінмұхаммед Сейітбек «Қылмысты жасырып қалу» бабымен айыпталып, 1 жыл 4 айға бас бостандығы шектелді.
«Соттың тұжырымы сотталушылардың мойындауларымен, куәлердің жауаптарымен, айғақ заттармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен қуатталды»
Шымкент қалалық соты
Қалалық соттың мәліметінше, ІІІ-топ мүгедегі Тойлыбай кінәсін ішінара мойындап, шын өкінетінін жеткізген. Ал оның серігі Сейітбек кінәсін толық мойындаған. Екі сотталушы да бұрын-соңды істі болмаған.
Айыптау актісіне қарағанда, Нұрсұлтан Тойлыбай марқұм 17 жастағы бойжеткен 2024 жылдың наурыз айында Instagram желісі арқылы танысқан. Олар қыз жігіт ретінде қарым-қатынаста болған. Көп өтпей аралары суып, 11 наурызда Береке Нұрсұлтанға байланысты үзетінін хабарлаған. Instagram желісінде оны қара тізімге жіберген. Бұған Нұрсұлтан ашуланған. Ертеңіне базардан пышақ сатып алған. Арнайы жеңіл көлікті жалға алып қызбен арақатынасына нүкте қою үшін кездескен.
Марқұмды қала сыртына шығарып, денесіне яғни сол жақ көкірек тұсына бір рет, артқы тұсынан екі рет соққы жасаған. Айыпталушы жәбірленушінің өлгеніне көз жеткізу үшін оның мойнына тағы бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленушінің өлгеніне көз жеткізгеннен соң мәйітті қорлау пиғылы туған.
Әскербек Пошимов, прокурор: «Содан Тойлыбай өзінің қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізу мақсатында жәбірленуші Е. киімдерін толықтай шешіп, жалаңаш денесіне қарап отырған. Сөйтіп сол қолына пакетті киіп, жыныстық құмарлықты сезіну мақсатында жәбірленуші Е. аналық жыныс мүшесіне сұқ саусағын бірнеше рет тығып өзінің іс-әрекетін ұялы телефонына түсіріп, қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізген».
Айта кетейік, қайғылы оқиға биыл 12 наурызда болған. Үкім заңды күшіне енбеген.
Дилара Иса