Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Сламбеков Марлен өз баяндамасында әлеуметтік-экономикалық саладағы маңызды жетістіктерді атап өтті.
Қадағалау актілері негізінде 103 мың азаматтың құқықтары, оның ішінде 1,5 мың азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.
«Яндекс.Еда» және «Wolt» компанияларымен алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта жеткізуді шектеу туралы меморандумдарға қол қойылды.
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында нашақорлық, лудомания және буллингтің алдын алуға бағытталған екі үйлестіру кеңесі мен акция өткізілді.
«Тазалық сақшылары» коммуналдық қызметтерімен 6000-нан астам есірткі жарнамасы жойылып, осы фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды, оның екеуі бойынша сот үкімі шықты, 1720 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қала прокуроры мектептерде QR-кодтар арқылы келіп түсетін барлық шағымдарға талдау жүргізуді, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларын насихаттауға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.