«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қошқар ата өзенінің бойы тазартылды. Мұнда күн сайын 6 мыңға жуық тұрғын шомылуға келеді. Сондықтан жауаптылар тұрғындардан қалатын қоқыс көп дейді. Ал науқан негізінде келушілерден қалған қалдықтан жиналып, өзен маңындағы өскен тал—дарақтар ретке келтірілді.
Қошқар ата өзенінің шомылуға рұқсат етілген аймағына күніне 6 мыңға жуық адам келіп суға түседі. Ал демалыс күнделі бұл көрсеткіш 2 еселенеді. Әсіресе аптап ыстықта келушілер саны күрт көбейеді.
Келушілердің артуы салдарынан өзен айналасында қоқыс та көп жиналады дейді мамандар. Сондықтан мұндағы тазалық жұмыстарына 20 адам жұмылдырылған. Ал «Таза Қазақстан» акциясы аясында тағы 20-дан аса адам көмекке келді.
Бауыржан каумешов, Қошқар ата учаскесінің басшысы: «Демалушылардан қалған қоқыстарды тазарту жұмысы күнделікті тұрақты түрде жүргізіледі. «Таза Қазақстан» акциясынан кейін «Таза өлкеден» 23 адам, өзімізден 20 адам қатысып, тазалық жұмысы жоғары деңгейде өтіп жатыр».
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тазалық акциясы арнайы бекітілген кесте бойынша жүзеге асып жатқанын жеткізді.
Әуесбек Опабек,қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы: «Таза Қазақстан» бойынша іш-шаралар бекітілген. Қазірге дейін 50-ге жуық акция өтті. Жыл соңына дейін тағы 150 шара өтеді».
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласында 25 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Бұл жұмысқа үшінші мегаполистік 500 мыңнан аса адам атсалысқан.
Әсел Мәлік