«Толағай» алыптар сайысында түркістандық спортшылар топ жарды

фото ТОӨКҚ
Астана күніне орай елорда іргесіндегі «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде «Толағай» алыптар сайысы өтті. Ашық алаңда өткен дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықтылар күш сынасты. Бабы мен бағы қатар шапқан, сайдың тасындай іріктелген батырлар бес түрлі сыннан өтіп, күш-қайрат пен төзімділіктің үлгісін көрсетті.
Тартысқа толы жарыс нәтижесінде, түркістандық Азамат Мақұлбеков қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Алматы қаласының абыройын қорғаған Евгений Инкин күміс жүлдеге қол жеткізсе, Түркістан облысының тағы бір алыбы Бағлан Мырзатай үздік үштікті қорытындылады. Айта кетейік, аталған сайыс Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр.