«Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді

ТОӘБҚ
Түркістан қаласында 21-23 тамыз күндері «Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді деп жоспарлануда.
Фестивалде қала тұрғындарын қолөнершілер көрмесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, автофест, әуе шарлары және түнгі Fire Show күтеді.
Сондай-ақ жанды дауыстағы музыка, қолөнер мен ұлттық рух, заманауи шоу – бәрі осы фестивальден табылмақ.
Дәстүр мен заманауи мәдениеттің тоғысқан мекені — Түркістанда баршаңызды күтеміз!
Мәдени-рухани орталықта, кіру тегін.