Тыл ардагерлері медициналық тексеруден өтті

Шымкентте тыл ардагерлерлеріне арнап кезекті медициналық тексеру ұйымдасытрылды. Шара барысында зейнет жасындағы азаматтар терапевт, кардиолог, офтальмолог сынды дәрігер-мамандардың қабылдауында болып, қан қысымы, жүрек қағысы тексерілді. Тіпті, ішкі құрылыстарын ультра дыбыстық тексеруге түсірді

Қалакүл Алшабаева 91 жаста. Екі бала, 4 қызынан 12 немере, 16 шөбере сүйіп отыр. Талай жыл «Қазақтелекомда» жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан қария, бүгінде өз еркіммен ары бері жүре алмай қалдым дейді. Сонда да, денсаулығыма мән беріп, дәрілерімді түгел ішіп отырамын дейді. Айтуынша, ақ халаттылар жиі келіп медициналық тексеруден өткізіп тұрады,

Қалакүл Алшабаева: «Докторларға рахмет. Кел деген уақытта келіп тұрады. Кәрілік қой бізде. 90 жаста оңай емес. Жұлдыз деген қызымыз бар. Анализ алып тұрады. Дәрілерін беріп тұрады. Бәрін көріп жатсыңдар. Бәрі жақсы».

Игі шараның мақсаты, егде жастағы тұрғындардың денсаулығын қадағалау, аурулардың алдын алу және қажетті медициналық кеңес беру дейді дәрігерлер. Сондықтан, терапевт, кардиолог, лор сынды ақ халаттылар келген. Олар, қарияны бір -бірлеп тексеріп, тіпті УДЗ-ға да түсірді.

«№2 ауруханаға қарасты ардагерлердің үйіне барып, қарап жүрміз. Жалпы біз бүгін бес ардагерге кіріп шықтық. Барлығының жағдайы жақсы. Жастарына сай. Соңғы келген апамыз 91 жаста. Көбісінің анау айтқан шағымы жоқ. Бірінің буыны ауырады. Кейбіреуінің қан қысымы көтеріледі. Бұл кісі давлениемен учетта тұрады. Жүрек ишемиялық ауруы бар».

Мамандардың айтуынша, мұндай тексерулер жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады және егде жастағы азаматтардың денсаулығын жақсартуға сеп болады.

Нұргүл Жолымбетова