Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Д.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Д. ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен (ұлттық алауыздықты қоздыруға және насихаттауға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) айыпталған.
Д. 2025 жылдың сәуір айында өз тұрғылықты жерінде онлайн-платформаны пайдалана отырып, «Ч…» әлеуметтік желісінде «стрим» тікелей эфирге қатысып, ұлттық алауыздықты қоздыруға және насихаттауға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған.
Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді. Прокурор сотталушы Д.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Д. кінәсін мойындап, өзіне бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Сот, Д.-ның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдіргенін ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот, Д.-ны ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.