Шымкент қаласы полиция қызметкерлері, аңшылық және балық шаруашылықтарының өкілдері, сондай-ақ табиғатқа бейжай қарамайтын тұрғындар бірлесіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында жұмыла әрекет етуде.
Шымкент қаласы аумағында полиция қызметкерлері «Аңшы мен балықшы – таза табиғат үшін»
акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, аңшылық алқаптар мен су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, аңшылық және балық аулау аймақтарындағы тазалық мәселелеріне қоғам назарын аудару, азаматтардың табиғатты ластауына жол бермеу және табиғи байлықтарды сақтау жөніндегі азаматтық жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Аталған бастама қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған.
Науқан барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар, аңшылар мен балықшылардың қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ қару айналымы саласында жұмыс істейтін ұйымдар, аңшылық шаруашылығы субъектілері, балық аулау саласындағы қауымдастықтар, сондай-ақ экобелсенділер бірлесіп тұрғындармен түсіндіру кездесулерін өткізді. Табиғат аясында жүріп-тұру ережелері таныстырылып, аңшылық алқаптар мен су жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, қоғамда Заң мен Тәртіпті нығайтуға, азаматтық сана мен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге септігін тигізеді.
«Біз балық аулап, демаламыз, бірақ табиғатты ластамауға тиіспіз. Егер әр адам өзінен кейінгі қоқысты жинап кетсе, табиғат та бізге жақсылықпен жауап береді. Барлық балықшылар мен аңшыларды табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырамыз» деген полиция қызметкерлері барлық аңшыларды, балықшыларды және табиғатқа бейжай қарамайтын тұрғындарды осындай бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.
Табиғатты қорғау — бұл тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.